Жұмыс бойынша нұсқаулар
- Барлық жұмыстардан алдын электр құралының желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Бұрғылау үшін бекіткіш тежегішті (29) айналатын крест (17) аздап жылжитындай етіп босатыңыз. Бұл ретте электр құралының бақылаусыз сырғанап кетуіне жол бермеу үшін айналатын крестті қатты ұстап алыңыз.
1-ші берілісте бұрғылау коронкасы дірілсіз дайындамаға бұралғанша төмен айналу жиілігімен бұрғылаңыз. Содан кейін қажет болса, 2-ші беріліске ауысыңыз.
Бұрғылау кезіндегі басу қысымын бұрғыланатын дайындамаға бейімдеңіз. Бірқалыпты қысыммен бұрғылаңыз. Кейбір жағдайларда бұрғылау коронкасын саңылаудан шығарыңыз, сонда бұрғылау қоқысын немесе шаңын алмас сегменттерінен кетіру мүмкін болады.
Электр құралының айналатын крестін (17) қажетті бұрғылау тереңдігіне дейін бұраңыз. Содан кейін бұрғылау коронкасы толық көрінгенше кері бұраңыз.
Максималды жұмыс ұзындығына қол жеткізу үшін кернді ол бұрғылау коронкасын толық толтырғанда алып тастау керек. Содан кейін бұрғылау коронкасын саңылауға қайта салып, максималды тереңдікке дейін бұрғылаңыз.
Бұрғылау коронкасы қысылса немесе ілінсе, бұрғылау шпинделіне беріліс тоқтатылады. Мұндай жағдайда тозу және қызып кетудің алдын алу үшін электр құралын бірден өшіріңіз.
Бұрғылау коронкасын тиісті айыр тәрізді кілтпен оңға және солға бұрап босатыңыз. Бұл ретте электр құралын саңылаудан абайлап тартып шығарыңыз.
Артық жүктеме шегінен асырған жағдайда электр құралы қатты дірілдей бастайды. Басу қысымын электр құралы қалыпты жұмыс істегенше кішірейтіңіз.
Басу қысымы кішірейтілмесе, электр құралы өшіп қалады. Содан кейін электр құралын бірден қайта қосуға болады, бірақ төменірек басу қысымымен жұмыс істеу қажет болады.
Ылғалды бұрғылау: бұрғылағаннан кейін суды кішкене ағызып, бұрғылау коронкасы мен керн арасындағы бұрғылау қоқысын шайып жіберіңіз.
Егер керн бұрғылау коронкасында қатты орнатылған болса, жұмсақ ағашпен немесе пластик бөлшекпен бұрғылау коронкасын қағып, кернді босатыңыз. Қажет болса, кернді таяқпен бұрғылау коронкасының шеткі жағынан итеріп шығарыңыз.
Нұсқау: бұрғылау коронкасын қатты заттармен қақпаңыз (деформациялау қаупі бар)!