Қосымша тұтқа (A суретін қараңыз)

Қауіпсіз және ыңғайлы жұмыс күйіне қол жеткізу үшін қосымша тұтқаны (11) кез келген жаққа қайыруға болады.

Қосымша тұтқаны жылжытуға арналған қатпарлы бұранданы (10) сағат тілінің бағытына қарсы бұрап, қосымша тұтқаны (11) қажетті күйге қисайтыңыз. Содан кейін қатпарлы бұранданы (10) сағат тілінің бағытымен бұрап бекітіңіз.

Бұрғылау тереңдігін реттеу (A суретін қараңыз)

Тереңдік шектегішімен (12) қажетті бұрғылау тереңдігін X реттеуге болады.

Тереңдік шектегішін реттеу түймесін (9) басып, тереңдік шектегішін қосымша тұтқаға (11) енгізіңіз.

Тереңдік шектегішін (12), бұрғы ұштығы мен тереңдік шектегіші (12) ұшының арасындағы қашықтық қажетті X бұрғылау тереңдігіне сәйкес келетіндей, тартыңыз.