Құрамдас бөліктерді монтаждау

  • Жинақтағы бөліктерді абайлап орамаңыздан алып қойыңыз.
  • Бүтін орама материалын электр аспап пен жинақтағы жабдықтардан алып қойыңыз.
  • Қозғалтқыш блогының астынан орауыш материалды алып тастаңыз.

Корпусқа мына құрылғы элементтері тікелей бекітіледі: кері соққы құлпы (7), шеңберлік кілт (35), жамылғыш кілт/айыр тәрізді кілт (36), бұрыштық тірек (3), параллель тірек (9), қосымша параллель тірек (47) ((48) бекіткіш жинағымен), қорғаныш қаптама (6), жылжыту таяғы (15), ара дискісі (28).

  • Осы құрылғы элементтерінің бірін қажет етсеңіз, оларды сақтау қорабынан абайлап шығарып алыңыз.

Нұсқау: Қажет болса, монтаждалатын барлық бөліктерді орналастырмас бұрын тазалап шығыңыз.

  • Қажет болса, үстел ендірмесін (8) алып тастаңыз.
  • Қос иінді (17) сағат тілінің бағытына қарсы, ара дискісі (28) аралау үстелінің үстінде ең жоғарғы күйде тұратындай етіп, тірелгенше бұраңыз.
  • Болтты (40) шеңберлік кілтпен (35) босатыңыз.
  • Сынаны (27) енгізіп, төмен қарай тірелгенше жылжытыңыз.
  • Болтты (40) шеңберлік кілтпен (35) қайтадан мықтап тартыңыз.
  • Үстел ендірмесін (8) монтаждаңыз.

  • Үстел ендірмесін (8) аспап саңылауының артқы ойықтарына (41) іліңіз.
  • Үстел ендірмесін төмен қарай бағыттаңыз.
  • Үстел ендірмесін аспап саңылауының алдыңғы жағында тіркелгенше басыңыз.

Кері соққы жағдайында кері соққы құлпы (7) дайындаманың пайдаланушыға қарай лақтырылуына жол бермейді. Бұл ретте ұялардың өткір тістері дайындаманың үстіңгі бетіне батып, оны ұстап қалады.

  • Кері соққы құлпының (7) батырмасын (42) қысыңыз.
    Бұл ретте бағыттауыш болт кері тартылады.
  • Кері соққы құлпын (7) сына (27) үстінен бағыттап, батырманы (42) жіберіңіз.
  • Кері соққы құлпын, бағыттауыш болт сынаның жоғарғы жағындағы артқы саңылауға тірелгенше, қорғаныш қаптамаға қарай жылжытыңыз.
  • Бағыттауыш болттың саңылауға нық жалғанғанын және кері соққы құлпы ақаусыз жұмыс істегенін тексеріп шығыңыз. Кері соққы құлпының ұяларын көтеріңіз. Жіберген кезде, серіппе астындағы ұялар төмен өтуі және үстел ендірмесіне тиюі керек.

Параллель тіректі (9) ара дискісінің сол немесе оң жағында орналастыруға болады.

  • Параллель тіректің (9) қысқыш тұтқасын (43) босатыңыз. Осылайша V тәрізді бағыттауыш (44) босатылады.
  • Алдымен параллель тіректі V тәрізді бағыттауышпен аралау үстелінің бағыттауыш ойығына (45) енгізіңіз. Содан кейін параллель тіректі аралау үстелінің алдыңғы бағыттауыш ойығына (46) орналастырыңыз.
    Параллель тіректі енді кез келген бағытпен жылжытуға болады.
  • Параллель тіректі бекіту үшін қысқыш тұтқаны (43) төмен қарай итеріңіз.

Жұқа дайындамаларды аралау үшін және тік еңіс бұрышында аралау үшін қосымша параллель тіректі (47) параллель тірекке (9) орнату керек.
Қосымша параллель тіректі қажет болған жағдайда параллель тіректің (9) сол немес оң жағына орнатуға болады.

Монтаждау үшін "Қосымша параллель тірек" бекіткіш жинағын (48) (2 бекіткіш бұранда, 2 қатпарлы гайка) пайдаланыңыз.

  • Бекіткіш бұрандаларды параллель тіректегі (9) бүйірлік саңылаулар арқылы кіргізіңіз.
  • Бұл ретте бұрандалардың бастиектері қосымша параллель тірек үшін бағыттауыш ретінде қызмет етеді.
  • Қосымша параллель тіректі (47) бекіткіш бұрандалар бастиектерінің үстінен жылжытыңыз.
  • Бұрандаларды қатпарлы гайкалардың көмегімен мықтап тартыңыз.

  • Бұрыштық тіректің (3) шинасын (49) аралау үстелінің арнайы бағыттауыш ойықтарына (5) өткізіңіз.

Ұзын дайындамаларды жақсырақ орнату үшін бұрыштық тіректі профильдік тіреуіш (50) арқылы кеңейтуге болады.

  • Қажет болса, профильдік тіреуішті қатпарлы гайкалардың (51) көмегімен бұрыштық тірекке орнатыңыз.