Ара дискісін алмастыру (k1k4 суреттерін қараңыз)

Ара дискісін алып тастау

Ара дискісін орнату

Қажет болса, орнатылатын барлық бөліктерді орнатпас бұрын тазалап шығыңыз.

  • Жаңа ара дискісін құрал шпинделінің қысқыш фланеціне (58) орнатыңыз.

Нұсқау: тым кіші ара дискілерін пайдаланбаңыз. Ара дискісі мен сына арасындағы радиалды бос қуыс ең көбі 3 − 8 мм құрауы қажет.

  • Қысқыш фланецті (55), салмалы шайбаны (57) және алты қырлы бұранданы (56) орнатыңыз.
  • Алты қырлы бұранданы (56) шеңберлік кілтпен (35) сағат тілінің бағытымен бұрап тартыңыз, бұл ретте жамылғыш кілтпен (36) қысқыш фланецті қарсы ұстап тұрыңыз.
  • Үстел ендірмесін (8) қайтадан орнатыңыз.
  • Қорғаныш қаптаманы (6) алға қайырыңыз.