Қашықтан басқару құралын қолданысқа енгізу

Басқару түймелерін басқан кезде, өлшеу құралын нивелирлеу режимінен шығаруға болады, сонда айналу қысқа уақытқа тоқтап қалады. Қашықтан басқару құралын пайдалану арқылы бұл әсерге жол берілмейді.

Батареядағы кернеу жеткілікті болса, қашықтан басқару құралы жұмыс істеп тұрады.

Өлшеу құралын қашықтан басқару құралының сигналдары датчиктердің (7) біріне тікелей бағытта жететіндей етіп орналастырыңыз. Егер қашықтан басқару құралын датчикке тікелей бағыттау мүмкін болмаса, жұмыс диапазоны қысқарады. Сигнал қайтарымдары (мысалы, қабырғаларда) арқылы жанама сигнал жағдайында да қол жеткізу қашықтығын жақсартуға болады.

Қашықтан басқару құралындағы түймені басқаннан кейін, сигнал жіберу индикаторының (25) жануы сигналдың жіберілгенін көрсетеді.

Өлшеу құралын қашықтан басқару құралымен қосу/өшіру мүмкін емес.