Ара дискісін алмастыру (c1c4 суреттерін қараңыз)

Максималды рұқсат етілген жылдамдығы электр құралыңыздың бос айналу моментіне жоғары болған аралау дискілерін пайдаланыңыз.

Тек осы пайдалану нұсқаулығында берілген деректерге сәй және EN 847-1 бойынша тексерілген болып тиісті ретте белгіленген аралау дискілерін пайдаланыңыз.

Тек осы электр құралының өндірушісі ұсынған және сіз өңдейтін материалға сәй аралау дискілерін пайдаланыңыз. Бұл аралауда ара тістерінің қызып кетуіне жол бермейді.

Аралау дискісін шешу

Аралау дискісін орнату

Керек болса барлық орнатылатын бөліктерді тазалаңыз.

  • Жаңа аралау дискісін қысқыш фланецке (49) орнатыңыз.
  • Қысқыш фланец (48) пен ішкі алты қырлы дөңбек бұрандаманы (47) орнатыңыз. Шпиндель бұғаттауын (46) тірелгенше басып алты қырлы дөңбек бұрандаманы сағат тіліне қарсы бұрап бекітіңіз.
  • Тарту механизмін (42) бекіткіш бұрандадан (44) босатып тербелуден сақтау қаптамасын (4) төменге қайта апарыңыз.
  • Қаптама тақтаны (45) қайта бекіткіш бұрандама (44) астына жылжытып қойыңыз.
  • Бекіту бұрандаларын (44) мен (43) қайта тартып бекітіңіз.
  • Тарту механизмін (42) алғашқы күйіне жылжытып бұғаттау бұрандамасын (41) қолмен қайта тартып қойыңыз.