Шаңды және жоңқаларды сору

Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар және металлдар бар кейбір материалдардың шаңы денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу қалдықтарымен (хромат, ағашты қорғау заты) бірге канцерогендер болып есептеледі. Асбестік материал тек қана мамандар арқылы өңделуі мүмкін.

Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын ұйғарымдарды пайдаланыңыз.

Шаң-/жоңқа сору шаң, жоңқа немесе дайындама сынықтары арқылы тығыздануы мүмкін.

  • Электр құралын өшіріп желі айырын розеткадан тартып қойыңыз.
  • Аралау дискісі толық тоқтағаныша күте тұрыңыз.
  • Тығыздану себебін айқындап оны жойыңыз.

Сыртқы сорғыш

Шаң сору үшін сору адаптеріне (23) шаңсорғыш шлангісін (диаметрі 35 мм) де жалғауға болады.

  • Шаңсорғыш шлангісін сору адаптеріне (23) жалғаңыз.

Шаңсорғыш өңделетін материалға сәйкес болуы қажет.

Денсаулыққа зиян, обыр туғызатын немесе құрғақ шаңдар үшін арнайы шаңсорғышты пайдаланыңыз.

Сорғыш алаптерді тазалау

Оңтайлы соруды қамтамасыз ету үшін сору адаптерін (23) жүйелі түрде тазалап тұру керек.