Бұрғылау станинасын бекіту

Нұсқау: бұрғылау станинасын саңылаусыз бекітіңіз. Осылайша бұрғылау коронкасының қысылуына және сегменттерінің тозуына жол бермейсіз.

Астыңғы беттің түрі және сипаттарына байланысты бұрғылау станинасын дюбель немесе вакуум арқылы жоспарланған саңылауға бекітіңіз.

Қажетті саңылау ортасын астыңғы бетте сызып қойыңыз. Бұрғылау үшін пайдаланылған коронканың сыртқы өлшемін саңылау ортасымен орталық ретінде белгілеңіз.

Бұрғылау станинасын (электр құралы орнатылған) дюбельмен немесе вакууммен орнатылған бұрғылау коронкасы белгіленген өлшемдерге түсетіндей етіп бекітіңіз.

Бұрғылау станинасын дюбельдермен (керек-жарақ) кірпіш қалауда немесе бетонда бекіту үшін бөлек бекіткіш саңылауды бұрғылаңыз.

Дюбель саңылауы – жоспарланған саңылау ортасының аралығы

оңтайлы

210 мм

ықтимал

200–300 мм

Дюбель саңылауы үшін төмендегі өлшемдер қолданылады:

Диаметрі

Қалыңдығы

Кірпіш қалау

20 мм

85 мм

Бетон

16 мм

50 мм

Бір бетондық дюбельді кергі сынамен немесе кірпіш қалау дюбелімен (30) орнатыңыз. Жылдам қысқыш шпиндельді (31) дюбельге бұрап енгізіңіз.

Бұрғылау станинасы мен астына қоятын шайбаны орнатып, қатпарлы гайкамен (32) бұрап бекітіңіз. Қатпарлы гайканы нивелирлегеннен кейін айыр тәрізді кілтпен (кілт ені 27 мм) тартып қойыңыз.

Бұрғылау станинасын вакууммен бекіту үшін стандартты вакуумдық сорап және Bosch вакуумдық жинағы (керек-жарақ) қажет болады.

Ваккуумдық сорап төмендегі талаптарға сай болуы керек:

Көлемдік ағын:

6 м3/сағ

Вакуум кемінде:

80% (−800 мбар)

Вакууммен бекіту үшін астыңғы бет жылтыр және тегіс болуы керек. Сылау немесе кірпіш қалауда орнату мүмкін емес.

Вакуумдық қосылым пайда болғанда, нивелирлеу бұрандаларын (22) астыңғы бетке сәл орнатып, бұрғылау станинасы нық тұрып, тығыздауыш сақина бос тұруы керек. Әйтпесе бұрғылау станинасы тығыздауыш сақинада қатты босап тұрады.

Вакуумдық сорапты және Bosch вакуумдық жинағын жалғау үшін олардың пайдалану бойынша нұсқаулықтарын оқып ұстаныңыз.

  • Вакуумдық сорап пен вакуумдық жинақтың қауіпсіздік және жұмыс нұсқауларын қатал орындау қажет!

Нивелирлеу бұрандаларын (22) деңгей (3) электр құралында (тігінен монтаждау кезінде) немесе деңгей (4) электр құралында (көлденеңінен монтаждау кезінде) дәл тураланатындай етіп бір-бірден бұрап енгізіңіз немесе шығарыңыз.

Бұрғылау станинасын дюбель бекіткішімен бекітіңіз.