Пайдалануға ендіру

  • Айналу бағытын ауыстырып-қосқышты (5) электр құралы тоқтап тұрғанда ғана пайдаланыңыз.

Айналу бағытының ауыстырып-қосқышы (5) көмегімен айналу бағытын өлшеуге болады. Бірақ қосқышты/өшіргішті (7) басқанда бұл мүмкін емес.

Оңға айналу: бұрғылау және бұрандаларды бұрап кіргізу үшін айналу бағытын ауыстырып-қосқышты (5) сол жағынан жоғары жылжытып, дәл сол уақытта оң жағынан төмен қарай жылжытыңыз.

Солға айналу: бұрандалар мен гайкаларды босату немесе бұрап шығару үшін айналу бағытын ауыстырып-қосқышты (5) сол жағынан төмен қарай жылжытып, дәл сол уақытта оң жағынан жоғары қарай жылжытыңыз.

Бұрғылау және бұрау

Ауыстырып-қосқышты (4) "Бұрғылау" белгісіне жылжытыңыз.

Соққымен бұрғылау

Ауыстырып-қосқышты (4) "Соққымен бұрғылау" белгісіне жылжытыңыз.

Ауыстырып-қосқыш (4) тіреліп, қозғалтқыш жұмыс істеп тұрғанда да қолданылуы мүмкін.

Электр құралды қосу үшін қосқышты/өшіргішті (7) басып тұрыңыз.

Басылған ажыратқышты (7) бекіту үшін бекіту түймесін (6) басыңыз.

Электр құралын өшіру үшін, ажыратқышты (7) жіберіңіз немесе бекіту түймесімен (6) құлыптанған болса, ажыратқышты (7) қысқа уақыт басып жіберіңіз.

Ажыратқышты (7) басу күшін өзгерте отырып, қосылған электр құралының айналымдар/қағулар санын біртіндеп реттеуге болады.

Ажыратқышты (7) жай басу төмен айналымдар/қағулар санын қосады. Басу күшейсе айналымдар/қағулар саны көбейеді.

Айналу жиілігін алдын ала таңдауға арналған айналмалы реттегіш (8) қажетті айналу жиілігін/соққы санын жұмыс барысында реттеуге мүмкіндік береді.

Қажетті айналу жиілігі/соққы саны материал мен жұмыс істеу шарттарына байланысты болады және тәжірибе арқылы анықталуы мүмкін.