Пайдалану нұсқаулары

Плиткаларды туралау үшін негізгі анықтамалық нүкте тікелей өлшеу құралының алдындағы лазер сызықтарының P айқасу нүктесі болып табылады. Бұрышты көшіру үшін өлшеу құралын осы айқасу нүктесінде бұрау керек (F суретін қараңыз).

Туралау тақтасының (11) көмегімен өлшеу құралын тегіс емес, тұрақсыз еденге тегіс орнатуға болады.

Туралау тақтасын (11) өлшеу құралы үшін қабырға ұстағышы ретінде де пайдалануға болады. Туралау тақтасын сырғымайтындай етіп, қабырғаға немесе қиғаш жазықтыққа, мысалы, стандартты бұрандалармен бекітіңіз. Туралау тақтасын жазықтықта тегіс етіп орнату үшін деңгейді пайдаланыңыз.

Өлшеу құралын туралау тақтасында орналастыру: өлшеу құралын астындағы магниттермен (5) туралау тақтасына (11) қойыңыз. Туралау тақтасының үстіндегі сызықтар торы өлшеу құралын дәл орналастыруға көмектеседі. 90° немесе 45° бұрыштарын көшіру үшін туралау тақтасын негізгі жиекке немесе қабырғаның шығыңқы жеріне қойып, өлшеу құралын туралау тақтасының үстінде көрсетілгендей орнатыңыз.

Лазер нысандық тақтасы (9) қолайсыз жағдайда және ұзақ қашықтықтарда лазер сызығының көрінісін жақсартады.

Лазер нысандық тақтасының қайтаратын жазықтығы (9) лазер сызығының көрінуін жақсартып, мөлдір жазықтығы арқылы лазер сызығы лазер нысандық тақтасының артынан да көрінеді.

Лазер көру көзілдірігі қоршау жарықтығын сүзгілейді. Осылай лазер жарығы көз үшін жарқынрақ болады.

  • Лазер көру көзілдірігін (керек-жарақ) қорғаныш көзілдірігі ретінде пайдаланбаңыз. Лазер көру көзілдірігі лазер сәулесін жақсырақ көру үшін қолданылады, алайда лазер сәулесінен қорғамайды.
  • Лазер көру көзілдірігін (керек-жарақ) күннен қорғайтын көзілдірік ретінде немесе жол қозғалысында пайдаланбаңыз. Лазер көру көзілдірігі ультракүлгін сәулелерден толық қорғанысты қамтамасыз етпейді және түсті сезу қабілетін азайтады.