Пайдаланушы интерфейсі

Пайдаланушы интерфейсі мына мақсаттар үшін пайдаланылады:

Күй индикаторының (5) түсі

Мағынасы

Шешімі

Электр құралы өшірулі

Жасыл

Электр құралы қосулы және жұмысқа дайын

Сары

Критикалық температураға жетті

Ара төсемін шығарып алып, электр құралын суыту үшін шамамен 3 минут максималды жүріс санымен жұмыс істетіңіз.

Аккумулятор заряды таусылған дерлік

Аккумуляторды зарядтаңыз.

Қызыл

Электр құралы қызып кетті.

Электр құралын суытыңыз.

Аккумулятор заряды таусылған

Аккумуляторды зарядтаңыз.

Қызыл түспен жыпылықтайды

Соғылу кезіндегі өшіру жүйесі іске қосылды

Мобильді құрылғыдағы хабарды оқып шығыңыз.

Көк

Электр құралы Bluetooth® арқылы ақырғы мобильді құрылғыға қосылған

Көк түспен жыпылықтайды

Деректерді тасымалдау

Жұмыс шамын (20) қосу немесе өшіру үшін жұмыс шамының түймесін (7), жұмыс шамының индикаторында (6) қажетті күй көрсетілгенше басыңыз.

  • Жұмыс жарығына тікелей қарамаңыз, ол көзді зақымдауы мүмкін.

Жүріс санын алдын ала таңдау түймесінің (9) көмегімен жүріс санын алдын ала таңдауға және жұмыс барысында өзгертуге болады. Жүріс санын алдын ала таңдау түймесін, қажетті жүріс санының деңгейі жүріс санының индикаторында (8) пайда болғанша басыңыз. Электр құралын өшірген кезде, соңғы реттелген жүріс санының деңгейі жадқа сақталады.

Қолжетімді жүріс санының деңгейлері:

  • GST 18V‑155 SC: жүріс санының 1–6 деңгейлері және ASC бар жүріс санының қосымша 6-деңгейі (ASC индикаторы (4) жанып тұр)
  • GST 18V‑155 BC: жүріс санының 1–6 деңгейлері; сондай-ақ жүріс санын ажыратқыш (21) арқылы реттелген жүріс саны деңгейінің максималды жүріс санына дейін басқаруға болады

Мәндерді де, алдын ала реттелген жүріс саны деңгейлерінің санын да Bosch Toolbox қолданбасы арқылы өзгертуге болады.

Қажетті жүріс саны материал мен жұмыс шарттарына байланысты болып табылады және оны тәжірибе арқылы анықтауға болады.

Жүріс санын пластик пен металл бойынша аралау кезінде төмендетуге кеңес беріледі.

Дәл кесік жасау үшін ара төсемін дайындамаға қоймас бұрын жүріс санын ASC көмегімен автоматты түрде төмендетуге болады. Егер ара төсемі дайындамаға тисе, жүріс саны реттелген деңгейге автоматты түрде көтеріледі.

Әдепкі реттеу күйінде жүріс санының 6-деңгейі ASC жүйесімен немесе жүйесінсіз қолжетімді. ASC жүйесімен пайдалану үшін жүріс санын алдын ала таңдау түймесін (9), ASC индикаторы (4) жанғанша және жүріс саны деңгейінің индикаторында (8) A пайда болғанша басыңыз.

Bosch Toolbox қолданбасы арқылы ASC жүйесін қосымша жүріс санының деңгейлері үшін де қосуға немесе өшіруге болады. Реттеулер өзгертілген жағдайда, ASC жүйесінің қосулы күйінде тек ASC индикаторы (4) жанады, жүріс саны деңгейінің индикаторында (8) бұдан былай A көрсетілмейді.