Пайдалану түрлері

Өлшеу құралында бірнеше пайдалану түрлері бар, оларды әрқашан ауыстыру мүмкін:

  • Көлденең лазер жазықтығын жасау,
  • Тік лазер жазықтығын жасау,
  • Екі тік лазер жазықтығын жасау,
  • Көлденең лазер жазықтығын және екі тік лазер жазықтықтарын жасау.

Қосудан соң өлшеу құралы көлденең лазер жазықтығын жасайды. Пайдалану түрін ауыстыру үшін пайдалану түрлері пернесін (7) басыңыз.

Жұмыс режимдерінің барлығын нивелирлеу автоматикасымен де, маятникті бұғаттау тетігімен де таңдауға болады.

Қабылдағыш режим

Лазер қабылдағышымен (29) жұмыс істеу үшін пайдалану түріне байланыссыз қабылдағыш режимді белсендіруге болады.

Қабылдағыш режимде лазер сызықтары жоғары жиілікте жыпылықтап, лазер қабылдағышы үшін (29) көрінетін болады.

Қабылдағыш режимді қосу үшін қабылдағыш режимінің (5) пернесін басыңыз. Қабылдау режимі (6) индикаторы жасыл түсте жанады.

Адам көзі үшін қабылдағыш режим қосулы болғанда лазер сызықтарының көрінісі төмендетіледі. Лазер қабылдағышысыз жұмыс істегенде қабылдағыш режимді (5) түймешесін қайта басып өшіріңіз. Қабылдағыш режимінің (6) көрсеткіші өшеді.