Ажарлауыш құралдарын орнату

Тегістеу шпинделін (17) және барлық орнатылатын құралдарды тазалаңыз.

Абразивті құралды бұрап алу және бекіту үшін шпиндельді бекіту түймесін (2) басып, шпиндельді бекітіңіз.

Қысқыш гайкамен (14) және жылдам қысқыш гайкамен (13) монтаждау

Ажарлағыш құралдардың өлшемдерін ескеріңіз. Саңылау диаметрі тірек фланеціне сәйкес болуы керек. Адаптерлерді немесе жалғастырғыш тетіктерді пайдаланбаңыз.

Алмасты кескіш дискілерді пайдаланғанда алмасты кескіш дискідегі айналу бағытының көрсеткісі электр құралындағы айналу бағытына сәйкес болуын қадағалаңыз (редуктор бастиегіндегі көрсеткіні қараңыз).

Монтаждау реттілігі графикалық бетте көрсетілген.

Ажарлағыш/кескіш дискіні бекіту үшін қысқыш гайканы (14) орнатыңыз және екі саңылаулы гайка кілтімен бұрап бекітіңіз қараңыз Тез қысқыш гайка .

Тірек фланецінде (9), ортаға келтіру буылтығының айналасында пластие бөлшек (тығыздауыш сақина) орнатылған. Тығыздауыш сақина жоқ немесе зақымдалған болса, тірек фланецін (9) ары қарай пайдаланбай тұрып, міндетті түрде ауыстыру керек.

  • Тегістеу құралын орнатқаннан кейін қосу алдында орнатудың дұрыстығын және құралдың еркін айналатынын тексеріңіз. Тегістеу құралы қорғағыш қаптамаға және басқа бөлшектерге үйкелмей айналып жатқанына көз жеткізіңіз.

Жылдам қысқыш гайкамен монтаждау (15) 

Ажарлағыш құралдардың өлшемдерін ескеріңіз. Саңылау диаметрі тірек фланеціне сәйкес болуы керек. Адаптерлерді немесе жалғастырғыш тетіктерді пайдаланбаңыз.

Алмасты кескіш дискілерді пайдаланғанда алмасты кескіш дискідегі айналу бағытының көрсеткісі электр құралындағы айналу бағытына сәйкес болуын қадағалаңыз (корпустағы айналу бағытының көрсеткісін қараңыз).

Орнату реті суреттер бар бетте көрсетілген.

Ажарлау/кесу дискісін бекіту үшін жылдам тартқыш сомынды (15) басқа аспапсыз пайдаланыңыз.

  • Тез тартқыш сомынды (15)тек ажарлау немесе кесу дискісімен пайдалануға болады.
  • Бұзылмаған мінсіз жылдам тартқыш сомынды пайдаланыңыз (15).
  • Бұрап қоюда жылдам тартқыш сомынының жазылған жағы (15) ажарлау дискісіне көрсетпеуіне көз жеткізіңіз; бағыттама индекстік белгіге көрсетуі тиіс суретін қараңыз.

Тегістеу шпинделін (2) бекіту үшін шпиндельді бекіту түймесін басыңыз. Жылдам тартқыш сомынды (15) бекіту үшін жылдам тартқыш сомын ілмегін жоғарыға қайырып жылдам тартқыш сомынды сағат тлімен қатты бұраңыз. Ілмекті жылдам тартқыш сомынды бекіту үшін төменге қайырыңыз. Диск шетінде тартып қою жетерлік емес.

Тиісті ретте бекітілген, зақымдалмаған жылдам тартқыш сомынды (15) қолмен босатуға болады. Ол үшін жылдам тартқыш сомынның ілмегін жоғарыға қайырып жылдам тартқыш сомынды сағат тіліне қарсы қатты бұраңыз. Ешқашан қатты бекемделген жылдам тартқыш сомынды аспаппен босатпаңыз, екі бүйірлік тесігі бар сомын кілтін пайдаланыңыз.

Қысқыш фланец пен ажарлау/кесу дискісін орнатқаннан соң ажарлау шпинделінің бос бұранда ұзындығы кемінде 4 мм болуы тиіс.

Ажарлау аспабының қатты тұруына көз жеткізіңіз, осылай ол электр құралының шығысында шпинделден шыңып кетпейді.

Ортаға келтіретін буртиктің тірек фланецінде (9) пластмасса бөлшек (дөңгелек қимасы бар сақина) бар. Дөңгелек қимасы бар сақина жоқ немесе зақымдалған болса, ары қарай пайдаланбай тұрып тірек фланецті (9) міндетті түрде ауыстыру керек.

  • Тегістеу құралын орнатқаннан кейін қосу алдында орнатудың дұрыстығын және құралдың еркін айналатынын тексеріңіз. Тегістеу құралы қорғағыш қаптамаға және басқа бөлшектерге үйкелмей айналып жатқанына көз жеткізіңіз.

  • Желпуіш тәрізді тегістеу шеңберімен жұмыстар үшін әрқашан қол қорғағышын(21) кийіңіз.

  • Резеңке тегістеу тәрелкесімен (23) жұмыстар үшін әрқашан қол қорғағышын (21)киіңіз.

Орнату реті суреттер бар бетте көрсетілген.

Домалақ гайканы (25) орнатыңыз және екі бүйірлік тесігі бар гайка кілтімен бекемдеңіз.

Тостаған тәрізді қылшақпен жұмыс істеу үшін әрдайым қол қорғанысын (21) монтаждаңыз.

Орнату реті суреттер бар бетте көрсетілген.

Тостаған тәрізді қылшақты ажарлау шпинделіне, шпиндель фланеці шпиндель ирек оймасының шетіне тығыз қондырылатындай етіп бұрап бекіту қажет. Тостаған тәрізді қылшақты айыр тәрізді кілтпен бекемдеңіз.