Шаңды/жоңқаны сору

Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар және металлдар бар кейбір материалдардың шаңы денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу қалдықтарымен (хромат, ағашты қорғау заты) бірге канцерогендер болып есептеледі. Асбестік материал тек қана мамандар арқылы өңделуі мүмкін.

Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын ұйғарымдарды пайдаланыңыз.

Жоңқа шығатын жерді (3) жүйелі түрде тазалаңыз. Бітелген жоңқа шығатын жерді тазалау үшін тиісті құралды пайдаланыңыз, мысалы ағаш, қысылған ауа т.б.

Оңтайлы соруды қамтамасыз ету үшін бөлек сорғыш құралын немесе шаң‑/жоңқа қабын пайдаланыңыз.

Жоңқа шығатын жердің екі жағында сорғыш шлангын (Ø 35 мм) (28) (керек-жарақтар) орнатуға болады.

Сорғыш шлангты (28) шаңсорғышқа қосыңыз (керек-жарақтар). Осы нұсқаулық соңында түрлі шаңсорғыштарға қосу әдістері көрсетілген.

Шаңсорғыш өңделетін материалға сәйкес болуы қажет.

Денсаулыққа зиян, обыр туғызатын немесе құрғақ шаңдар үшін арнайы шаңсорғышты пайдаланыңыз.

Кіші жұмыстарда шаң/жоңқа қабын (керек-жарақтар) (29) қосуға болады. Шаң қабының бекіткіштерін жоңқаларды шығаруға арналған келте құбырға салыңыз (3). Шаң/жоңқа қабын (29) өз уақытта босатып, шаңсоруды оптималды ретте сақтайсыз.

Ауыстыру тұтқышымен (10) жоңқа шығатын жерді (3) оңға немесе солға ауыстыру мүмкін. Ауыстыру тұтқышын (10) әрдайым соңғы күйде тірелгенше басыңыз. Таңдалған жоңқа шығу бағытын ауыстыру тұтқышындағы (10) көрсеткі арқылы көрсетіледі.