HM/TC жонғы пышағын алмастыру

Тек тұпнұсқа Bosch жонғы пышағын пайдаланыңыз.

Жонғы пышағы қатты металдан (HM/TC) жасалған, 2 жүзі бар, бұралуы мүмкін. Кескіш жиектердің екеуі де дөкір болса, жонғы пышағын (23) алмастыру қажет. HM/TC жонғы пышағын қайрауға болмайды.

Жонғы пышағын шешу (GH суреттерін қараңыз)

Жонғы пышағын орнату (IJ суреттерін қараңыз)

Жонғы пышағын бағыттау ойығы арқылы алмастыру немесе аудару кезінде бірдей биіктік қамтамасыз етіледі.

Қажет болса, пышақ бастиегіндегі (16) пышақ орнын және жонғы пышағын (23) тазалаңыз.

Жонғы пышағын орнату кезінде оның пышақ бастиегінің (16) қысқышында кедергісіз тұрғанына көз жеткізіңіз.

Жонғы пышағы жонғы табандығының ортасында (11) орнатылып туралануы керек. Содан кейін 3 бекіткіш бұранданы (14) жұлдызшалы кілтпен (13) тартыңыз. Бұрандама қысқышта (15) көрсетілген тарту реттілігін (①②③) сақтаңыз.

Нұсқау: қолданысқа енгізу алдында бекіткіш бұрандалардың (14) берік бекітілгенін тексеріңіз. Пышақ бастиегін (16) қолмен бұрап, жонғы пышағының еш жерде шығып тұрмағанына көз жеткізіңіз.