Қызмет көрсету және тазалау

Сақтайтын башмакты (32) бос ұстап, оны жүйелі түрде тазалаңыз.

Сырғанайтын контакт тозған болса, электр құралы өзі өшеді. Электр құралын техникалық қызмет көрсету үшін сервистік қызметке жіберу керек, мекенжайларды «Тұтынушыға қызмет көрсету және пайдалану кеңестері» тарауынан қараңыз.

Қозғалтқыш белдікті алмастыру (QR суреттерін қараңыз)

Бұранданы (8) бұрап шығарып, белдік қаптамасын (9) шешіңіз. Тозған қозғалтқыш белдікті (33) алып тастаңыз.

Жаңа қозғалтқыш белдікті (33) орнатудан бұрын (34) мен (35) белдік дөңгелектерінің екеуін де тазалаңыз.

Жаңа қозғалтқыш белдікті (33) алдымен кіші белдік дөңгелегіне (35) салып, қозғалтқыш белдікті (33) қолмен бұрап, үлкен белдік дөңгелегіне (34) салыңыз.

Қозғалтқыш белдік (33) (34) немесе (35) белдік дөңгелектерінің ұзын ойықтарына дәл кіргеніне көз жеткізіңіз.

Белдік қаптамасын (9) орнатып, бұранданы (8) тартыңыз.

Өнімдерді олардың сақтығын қамтамасыз ететін, өнімдерге атмосфералық жауын-шашынның тиюіне және асқын температура көздерінің (температураның шұғыл өзгерісінің), соның ішінде күн сәулелерінің әсер етуіне жол бермейтін дүкендерде, бөлімдерде (секцияларда), павильондар мен киоскілерде сатуға болады.

Сатушы (өндіруші) сатып алушыға өнімдер туралы қажетті және шынайы ақпаратты беріп, өнімдерді тиісінше таңдау мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті. Өнімдер туралы ақпарат міндетті түрде тізімі Ресей Федерациясының заңнамасымен белгіленген мәліметтерді қамтуы тиіс.

Егер тұтынушы сатып алатын өнімдер әлдеқашан пайдаланылған немесе өнімдерде ақаулық (ақаулықтар) жойылған болса, тұтынушыға бұл туралы ақпарат берілуі тиіс.

Өнімдерді сату процесінің аясында төмендегі қауіпсіздік талаптары орындалуы тиіс: