Өлшеу құралының дәлдігін тексеру

Қоршау температурасы ең күшті әсер етеді. Еденден жоғарыға болған температура өзгерістері лазер сәулесін ауытқуы мүмкін.

Жерден көтерілген жылудан температуралық әсерлерді барынша азайту үшін, өлшеу құралын штативте пайдалануға кеңес беріледі. Оған қоса өлшеу құралын мүмкіндігінше жұмыс аймағының ортасына қойыңыз.

Сыртқы әсерлерден тыс аспаптық әсерлер де (мысалы қағылыс немесе қатты соққылар) ауытқуларға алып келуі мүмкін. Сол үшін әр жұмыстан алдын нивелирлеу дәлдігін тексеріңіз.

Алдымен көлденең лазерлік сызықтың биіктік пен нивелирлеу дәлдігін және тік лазерлік сызықтың нивелирлеу дәлігін тексеріп шығыңыз.

Егер өлшеу құралы тексеру кезінде максималды ауытқудан асырса, оны Bosch сервистік орталығында жөндетіңіз.

Тексеру үшін 5 м бос өлшеу қашықтығы қатты жерде A мен B екі қабырғаның арасында керек болады.

  • Өлшеу құралын А қабырғасының жанындағы штативке немесе қатты тегіс бетке орнатыңыз. Өлшеу құралын қосыңыз. Нивелирлеу автоматикасымен қиысу жұмыс режимін таңдаңыз.
  • Лазерді жақын A қабырғасына бағыттап, өлшеу құралын нивелирлеңіз. Лазер сызықтары қабырғада айқыш-ұйқыш нүктесінің ортасын белгілеңіз (Ⅰ нүктесі).
  • Өлшеу құралын 180° бұрап, оны нивелирлеп лазер сызықтарының арғы B қабырғасындағы айқыш-ұйқыш нүктесін белгілеңіз (Ⅱ нүктесі).
  • Өлшеу құралын бұрамай B қабырғасының қасында қойып, қосыңыз да нивелирлеңіз.
  • Өлшеу құралының биіктігін (штативтер немесе бар болса тіреуіш көмегімен) лазер сызықтарының айқыш-ұйқыш нүктесі В қабырғасында алдымен белгіленген нүктеге Ⅱ сәйкес болатындай бағыттаңыз.
  • Өлшеу құралын 180° бұрап биіктігін өзгертпеңіз. Оны A қабырғасына тік лазер сызығы белгіленген Ⅰ нүктесінен өтетін етіп бағыттаңыз. Өлшеу құралын нивелирлеп, лазер сызықтарының айқыш-ұйқыш нүктесін A қабырғасында (Ⅲ нүктесі) белгілеңіз.
  • А қабырғасындағы Ⅰ мен Ⅲ екі белгіленген нүктенің d айырмашылығы өлшеу құралының дәл биіктіктен ауытқуын көрсетеді.

2 × 5 м = 10 м өлшеу қашықтығындағы рұқсат етілген максималды ауытқу:
10 м × ±0,3 мм/м = ±3 мм. Ⅰ мен Ⅲ нүктелері арасындағы d айырмашылығы ең көбі 3 мм құрауы тиіс.

Тексеру үшін шам. 5 × 5 м бос кеңістік керек.

  • Өлшеу құралын А мен В қабырғаларының арасындағы ортада штативке немесе қатты тегіс бетке орнатыңыз. Нивелирлеу автоматикасымен көлденең жұмыс режимін таңдап, өлшеу құралын нивелирлеңіз.
  • Өлшеу құралынан 2,5 м қашықтықта екі қабырғада лазерлік сызық ортасын белгілеңіз (А қабырғасында Ⅰ нүкте, В қабырғасында Ⅱ нүкте).
  • Өлшеу құралын 180°-қа бұрап 5 м арақашықтықта орнатыңыз және нивелирлеңіз.
  • Өлшеу құралының биіктігін (штатив немесе қажет болса, тіреуіш көмегімен) лазерлік сызық ортасы В қабырғасында алдын ала белгіленген Ⅱ нүктеге сәйкес болатындай туралаңыз.
  • A қабырғасында лазерлік сызық ортасын Ⅲ нүкте ретінде белгілеңіз (Ⅰ нүктенің үстінде немесе астында тігінен).
  • А қабырғасындағы екі белгіленген Ⅰ мен Ⅲ нүктенің d айырмашылығы өлшеу құралының көлденең сызықтан дәл ауытқуын көрсетеді.

2 × 5 м = 10 м өлшеу қашықтығындағы рұқсат етілген максималды ауытқу:
10 м × ±0,3 мм/м = ±3 мм. Ⅰ мен Ⅲ нүктелер арасындағы d айырмашылығы ең көбі 3 мм құрауы тиіс.

Тексеру үшін (қатты табанда) есіктің әр жағынан кемінде 2,5 м жай болатын есік тесігі керек.

  • Өлшеу құралын есік тесігінен 2,5 м қашықтықта бекем тегіс табанда орналастырыңыз (штативте емес). Нивелирлеу автоматикасымен крест тәрізді сызық режимін таңдаңыз. Тік лазер сызығын есік тесігіне бағыттап, өлшеу құралын нивелирлеңіз.
  • Тік лазер сызығының орталығын есік тесігінің еденінде (Ⅰ нүктесі), 5 м қашықтықта есік тесігінің басқа жағында (Ⅱ нүктесі) және есік тесігінің жоғарғы шетінде (Ⅲ нүктесі) белгілеңіз.
  • Өлшеу құралын 180° бұрап, есік тесігінің басқа жағында тікелей Ⅱ нүктесінің артында орнатыңыз. Өлшеу құралын нивелирлеп, тік лазер сызығын орталығы нақты Ⅰ мен Ⅱ нүктелерінен өтетін етіп бағыттаңыз.
  • Лазер сызығының орталығын есік тесігінің жоғарғы шетінде Ⅳ нүктесі ретінде белгілеңіз.
  • Екі белгіленген Ⅲ және Ⅳ нүктенің d айырмашылығы өлшеу құралының тік сызықтан дәл ауытқуын көрсетеді.
  • Есік тесігінің биіктігін өлшеңіз.

Максималды рұқсат етілетін ауытқу төмендегідей есептеледі:
есік тесігінің қос биіктігі × 0,3 мм/м
Мысал: есік тесігінің 2 м биіктігіндегі максималды ауытқу:
2 × 2 м × ±0,3 мм/м = ±1,2 мм. Сондықтан Ⅲ мен Ⅳ нүктелердің аралығы ең көбі 1,2 мм болуы керек.

Тексеру үшін еден мен төбе арасында шамамен 5 м шамасындағы берік беттегі бос өлшеу жолының арақашықтығы қажет болады.

  • Өлшеу құралын айналма платформаға (16) орнатып, еденге қойыңыз. Нивелирлеу автоматикасымен тік жұмыс режимін таңдап, өлшеу құралын нивелирлеңіз.
  • Лазер нүктесі жоғарғы қиылысу нүктесінің ортасын төбеде (Ⅰ нүкте) белгілеңіз. Оған қоса негізгі нүктенің ортасын еденде (Ⅱ нүкте) белгілеңіз.
  • Өлшеу құралын 180°-қа бұраңыз. Оны негізгі нүктенің ортасы белгіленген Ⅱ нүктеде болатындай етіп орналастырыңыз. Өлшеу құралын нивелирлеңіз. Жоғарғы қиылысу лазер нүктесінің ортасын (Ⅲ нүкте) белгілеңіз.
  • Төбеде белгіленген Ⅰ және Ⅲ нүктелердің d айырмашылығы өлшеу құралының дәл биіктіктен ауытқуын көрсетеді.

Максималды рұқсат етілетін ауытқу төмендегідей есептеледі:
еден мен төбе арасындағы қос қашықтық × 0,6 мм/м.
Мысал: еден мен төбе арасындағы қашықтық 5 м болғанда макс. ауытқу келесідей болады:
2 × 5 м × ±0,6 мм/м = ±6 мм. Сондықтан Ⅰ мен Ⅲ нүктелердің аралығы ең көбі 6 мм болуы керек.