"Bosch Levelling Remote App" арқылы қашықтан басқару

Өлшеу құралы Bluetooth® модулімен жабдықталған, ол радио арқылы смартфоннан Bluetooth® интерфейсі арқылы қашықтан басқаруға мүмкіндік береді.

Бұл функцияны пайдалану үшін (App) "Bosch Levelling Remote App" бағдарламасы керек болады. Оны соңғы құрылғыға байланысты тисті App-Store-дан (Apple‌ App Store‌, Google‌ Play‌ Store‌) жүктеп алуға болады.

Bluetooth® арқылы қосылу үшін қажетті жүйе алғышарттары туралы ақпаратты Bosch веб-сайтынан қараңыз: www.bosch-pt.com.

Bluetooth® арқылы қашықтан басқаруда мобильді соңғы құрылғы мен өлшеу құралы арасында жаман қабылдау шарттары пайда болады.

Bluetooth® қосу

Bluetooth® қашықтан басқаруға қосу үшін Bluetooth® түймешігін (9) басыңыз. Мобильды құралыңызда Bluetooth® ұяшығының белсенді болуын қамтамасыз етіңіз.

Bosch бағдарламаларын бастаудан соң мобильды құралмен өлшеу құралы арасында байланыс жасалады. Бірнеше белсенді өлшеу құралы табылса керекті өлшеу құралын таңдаңыз. Егер белсенді өлшеу құралы табылса байланыс автоматты ретте жасалады.

Bluetooth® көрсеткісі (8) жанғанда байланыс бар болады.

‌Bluetooth® байланысы өлшеу құралы мен мобильді соңғы құрылғы арасындағы ұзақ қашықтық немесе кедергі және электрмагниттік ақаулық көздері себебінен үзілуі мүмкін. Бұл жағдайда Bluetooth® көрсеткісі (8) жыпылықтайды.

Bluetooth® өшіру

Bluetooth® қашықтан басқару үшін өшіру үшін Bluetooth® түймешігін (9) басыңыз немесе өлшеу құралын өшіріңіз.