Пайдалану түрлері

Тербелісті реттеу

Төрт басқышта реттелетін тербелу аралау жылдамдығын, аралау өнімділігін және аралау суретін өңделетін материалға лайықтауға мүмкіндік береді.

Реттеу тұтқышымен (22) тербелуді пайдалану кезінде де реттеуге болады.

0 деңгейі

Тербеліс жоқ

I деңгей

Кіші тербеліс

II деңгей

Орташа тербеліс

III деңгей (MAX)

Үлкен тербеліс

Әр жұмыс үшін оңтайлы тербеліс деңгейін тәжірибе әдісімен анықтауға болады. Төмендегі ұсыныстарды ескеріңіз:

Жоңқа үрлеу құрылғысы

Жоңқа үрлеу жабдығыдан ауа ағынымен кесік сызығын жоңқалардан бос сақтауға болады.

Жоңқаны үрлеп шығару құрылғысын қосу: ағаш, пластик және т.с.с. бойынша үлкен шаң көлемін тудыратын жұмыстар үшін қосқышты (23) I позициясына итеріңіз.

Жоңқаны үрлеп шығару құрылғысын өшіру: металл бойынша және өшірулі шаңсорғышпен жұмыс істеу үшін қосқышты (23) 0 позициясына итеріңіз.