Шаңды және жоңқаларды сору

Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар және металлдар бар кейбір материалдардың шаңы денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу қалдықтарымен (хромат, ағашты қорғау заты) бірге канцерогендер болып есептеледі. Асбестік материал тек қана мамандар арқылы өңделуі мүмкін.

Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын ұйғарымдарды пайдаланыңыз.

Өзіндік сору шаң қорабымен (A1 - A4 суреттерін қараңыз)

Шаң қорабын (3) сору құбырына (10) тірелгенше орнатыңыз.

Шаң жәшігін (3) босату үшін оны төмен тартыңыз.

Шаң жәшігін (3) ашудан алдын сүзгі элементінен шаңды босату үшін оны суретте көрсетілгендей қатты тақтаға соққылаңыз.

Шаң жәшігін (3) ұстау ойысынан ұстап, сүзгі элементін (11) жоғарыға шығарып шаң жәшігін босатыңыз. Сүзгі элементінің (11) тілімшелерін жұмсақ қылшақпен тазалаңыз.

Сыртқы сорғыш (B суретін қараңыз)

Сорғыш шлангын (12) сору құбырына (10) салыңыз.

Сорғыш шлангін (12) шаңсорғышқа қосыңыз. Осы нұсқаулықтар соңында түрлі шаңсорғыштарға қосу әдістері көрсетілген.

Шаңсорғыш өңделетін материалға сәйкес болуы қажет.

Денсаулыққа зиян, обыр туғызатын немесе құрғақ шаңдар үшін арнайы шаңсорғышты пайдаланыңыз.

Германияда ағаш шаңдарына TRGS 553 негізінде тексерілген сорғыш аспаптар талап етіледі, жеке сорғыштарды өндірісте пайдалануға болмайды. Басқа материалдар үшін пайдаланушы арнайы қызмет көрсету орталықтарынан сәйкес талаптарды сұрау қажет.