Өлшеу құралын энергиямен жабдықтау

Өлшеу құралы стандартты батареялармен не Bosch литий-иондық аккумулятормен жұмыс істейді.

  • Тек техникалық мәліметтерде жазылған зарядтау құралдарын пайдаланыңыз. Тек қана осы зарядтау құралдары сіздің өлшеу құралыңыздың ішінде литий-иондық аккумулятормен сәйкес.

Ескертпе: Литий-ионды батареялар халықаралық тасымалдау ережелеріне сәйкес ішінара зарядталған күйде жеткізіледі.Аккумулятордың толық қуатын пайдалану үшін оны алғаш рет пайдаланудан бұрын толық зарядтаңыз.

Зарядталған аккумуляторды (15) орнату үшін оны аккумулятор бөлімшесіне (10) сезіліп тірелгенше жылжытыңыз.

Аккумуляторды (15) шығару үшін босату пернелерін (13) басып аккумуляторды аккумулятор бөлімшесінен (10) шығарыңыз. Осы кезде күш салмаңыз.

Өлшеу құралы үшін алкалин марганец батареясын пайдалану ұсынылады.

Батареялар батарея адаптеріне салынады.

  • Батарея адаптері тек тиісті Bosch тексеру камерасын пайдалануға арналған болып электр құралдарымен пайдалануға болмайды.

Батареяларды салу үшін батарея адаптерінің қабын (11) аккумулятор бөлімшесіне (10) жылжытыңыз. Батареяларды жабу қақпағындағы (14) суретте көрсетілгендей қапқа салыңыз. Жабу қақпағын қап үстінен сезілетін ретте тірелгенше жылжытыңыз.

Батареяларды алу үшін ашу (12) пернелерін (13) жабу қақпағында басып, жабу қақпағын (14) тартып қойыңыз. Батареялардың шығып кетпеуіне көз жеткізіңіз. Ол үшін өлшеу құралын аккумулятор бөлімшесін (10) жоғарыға қаратып ұстаңыз. Батареяларды алып қойыңыз. Ішінде жатқан қапты (11) аккумулятор бөлімшесінен алып қою үшін қапты жан қабырғаға аз басып ұстап, өлшеу құралынан шығарыңыз.

Барлық батареяларды бірдей алмастырыңыз. Тек бір өндірушінің және қуаты бірдей батареяларды пайдаланыңыз.

  • Өлшеу құралын ұзақ уақыт пайдаланбасаңыз, батареяны өлшеу құралынан шығарып алыңыз. Ұзақ уақыт сақтаған жағдайда, өлшеу құралындағы батареяларды тот басуы және олардың заряды өздігінен таусылуы мүмкін.

Заряд деңгейінің индикаторы (2) аккумуляторлардың немесе батареялардың заряд деңгейін көрсетеді:

Жарық диоды

Заряд деңгейі

Жасыл түсті үздіксіз жарық

100–75%

Сары түсті үздіксіз жарық

75–35%

Үздіксіз жарық қызыл

35–10%

Жарық жоқ

  • Аккумулятор бұзылған
  • Батареялардың заряды таусылған

Егер батареялар немесе аккумулятор заряды азайып кетсе лазер сызықтарының жарықтығы ақырын төмендеді.

Бұзылған аккумуляторды немесе бос батареяларды жүйелік ретте алмастырыңыз.

Өлшеу құралы түймелі элементпен (21) жабдықталған, осылайша CAL guard функциясына арналған күн мен уақытты аккумуляторды немесе батареяларды салмай жадқа сақтауға болады.

Түймелі элементті алмастыру үшін аккумуляторды немесе толық батарея адаптерін шығарып алыңыз.

Түймелі элемент ұстағышын (22) түймелі элемент науасынан (23) тартып алыңыз. Заряды таусылған түймелі элементті (21) шығарып, жаңасын салыңыз. Түймелі элемент ұстағышындағы суретте көрсетілгендей, полюстердің дұрыс болуын қамтамасыз етіңіз (түймелі элементтің плюс полюсі жоғары қарап тұруы тиіс).

Түймелі элемент ұстағышын (22) салынған түймелі элементпен бірге науаға (23) кіргізіңіз. Түймелі элемент ұстағышының дұрыс және толығымен кіргізілгеніне көз жеткізіңіз, әйтпесе шаң мен шашыранды судан қорғаныс қамтамасыз етілмейді.

Алғаш рет қолданысқа енгізу үшін түймелі элементтің (21) қорғаныш үлдірін алып тастаңыз. Ол үшін түймелі элементті алмастыру кезіндегідей әрекет етіңіз.