Жұмыс құралын ауыстыру

Шаңнан қорғайтын қақпақ (4) жұмыс кезіндегі бұрғылау шаңының құрал ұстағышқа кіріп кетуіне жол бермейді. Құрылғыны орнату кезінде шаңнан қрғайтын қақпақтың (4) зақымдалмағанын тексеріңіз.

SDS plus алмалы-салмалы аспабын енгізу (E суретін қараңыз)

SDS-plus-бұрғылау патронымен алмалы-салмалы аспапты жай және оңай ретте қосымша аспаптарды пайдаланбай алмастыру мүмкін.

  • GBH 18V-26 F: SDS-plus ауыстырмалы бұрғылау патронын (2) енгізіңіз.
  • Алмалы-салмалы аспаптың жалғанатын ұшын тазалап, аздап майлаңыз.
  • Алмалы-салмалы аспапты құрал бекіткішіне автоматты түрде бекітілгенше бұрап енгізіңіз.
  • Құралдың бекітілуін тарту арқылы тексеріңіз.

SDS-plus-алмалы-салмалы аспабы жүйе салдарынан бос қозғалады. Сол себептен бос айналуда радиал қағу пайда болады. Бұл ойық дұрыстығына әсер етпейді, өйткені бұрғылау кезінде бұрғы өзін өзі ортаға дәл келтіреді.

SDS-plus-алмалы-салмалы аспабын шығару (F суретін қараңыз)

  • Бекіткіш бұранданы (5) артынан жылжытып, алмалы-салмалы аспапты шығарыңыз.

GBH 18V-26

Алмалы-салмалы аспапты енгізу (G суретін қараңыз)

Ескертпе: SDS-plus жоқ құралдарды соққымен бұрғылау немесе қашау үшін пайдаланбаңыз! SDS-plus жоқ құралдар және олардың бұрғылау патроны соққымен бұрғылау және қашау кезінде зақымдалады.

  • Тісті тоғыны бар бұрғылау патронын (22) енгізіңіз.
  • Тісті тоғыны бар бұрғылау патронын (22) құрал енгізілгенше бұрап ашыңыз. Құралды енгізіңіз.
  • Бұрғылау патронының кілтін (26) тісті тоғыны бар бұрғылау патронының (22) тиісті саңылауларына енгізіп, құралды біркелкі етіп қысыңыз.
  • Соғуды/айналуды тоқтату қосқышын (16) "Бұрғылау" күйіне бұраңыз.

Алмалы-салмалы аспапты шығару (H суретін қараңыз)

  • Тісті тоғыны бар бұрғылау патронының (22) төлкесін бұрғылау патроны кілтінің (26) көмегімен алмалы-салмалы аспапты шығару мүмкін болғанша сағат тілінің бағытына қарсы бұраңыз.

GBH 18V-26 F

Алмалы-салмалы аспапты енгізу (I суретін қараңыз)

Ескертпе: SDS-plus жоқ құралдарды соққымен бұрғылау немесе қашау үшін пайдаланбаңыз! SDS-plus жоқ құралдар және олардың бұрғылау патроны соққымен бұрғылау және қашау кезінде зақымдалады.

  • Ауыстырмалы жылдам қысқыш бұрғылау патронын (1) енгізіңіз.
  • Ауыстырмалы жылдам қысқыш бұрғылау патронының ұстағыш сақинасын (28) мықтап ұстаңыз. Құрал бекіткішін алдыңғы төлкені (27) құрал енгізілгенше бұрау арқылы ашыңыз. Ұстағыш сақинаны (28) нық ұстап тұрып, алдыңғы төлкені (27) шерту дыбысы анық естілгенше көрсеткі бағытымен күштеп бұраңыз.
  • Құралдың берік бекітілгенін тарту арқылы тексеріңіз.

Нұсқау: құрал бекіткіші тірелгенше ашылған болса, құрал бекіткішін жабу кезінде шерту дыбысы естілуі мүмкін және құрал бекіткіші жабылмайды.

Бұл жағдайда алдыңғы гильзаны (27) сағат тілінің бағытына қарсы бір рет бұраңыз. Содан кейін құрал бекіткішін жабуға болады.

  • Соғуды/айналуды тоқтату қосқышын (16) "Бұрғылау" күйіне бұраңыз.

Алмалы-салмалы аспапты шығару (J суретін қараңыз)

  • Ауыстырмалы жылдам қысқыш бұрғылау патронының ұстағыш сақинасын (28) мықтап ұстаңыз. Алдыңғы төлкені (27) құралды шығару мүмкін болғанша бұрау арқылы құрал бекіткішін ашыңыз.