Пайдалануға ендіру

  • Айналу бағытын ауыстырып-қосқышты (6) электр құралы тоқтап тұрғанда ғана пайдаланыңыз.

Айналу бағытының ауыстырып-қосқышы (6) көмегімен айналу бағытын өлшеуге болады. Бірақ қосқышты/өшіргішті (8) басқанда бұл мүмкін емес.

Оңға айналу: бұрандаларды бұрап кіргізу үшін айналу бағытын ауыстырып-қосқышты (6) сол жағынан төмен жылжытып, дәл сол уақытта оң жағынан жоғары қарай жылжытыңыз.

Солға айналу: бұрандаларды босату немесе бұрап шығару үшін айналу бағытын ауыстырып-қосқышты (6) сол жағынан жоғары қарай жылжытып, дәл сол уақытта оң жағынан төмен қарай жылжытыңыз.

Электр құралды қосу үшін қосқышты/өшіргішті (8) басып тұрыңыз.

Басылған ажыратқышты (8) бекіту үшін бекіту түймесін (7) басыңыз.

Электр құралын өшіру үшін, ажыратқышты (8) жіберіңіз немесе бекіту түймесімен (7) құлыптанған болса, ажыратқышты (8) қысқа уақыт басып жіберіңіз.

Қосқышты/өшіргішті (8) басу күшін өзгерте отырып, қосылған құралдың айналымдар санын біртіндеп реттеуге болады.

Қосқышты/өшіргішті (8) жай басқанда, электр құрал төменірек айналымдар санымен жұмыс істейді. Басу күші күшейгенде айналу саны артады.

Реттеу төлкесімен (3) бұрауыш бастиектің дайындамаға бұрап кіргізу X тереңдігін әр айналымда бекітілетін 8 деңгей бойынша алдын ала реттеуге болады. Әрбір деңгей бұрап кіргізу тереңдігін 0,25 мм-ге өзгертеді.

Реттеу төлкесін (3) сағат тілінің бағытымен айналдыру бұрап кіргізу тереңдігін арттырады, ал сағат тілінің бағытына қарсы айналдыру бұрап кіргізу тереңдігін азайтады.

Қажетті тереңдікке сынақ бұрау әрекеті арқылы қол жеткізуге болады.