Пайдалану нұсқаулары

Бұранданы бұрауыш битке (1) бағыттаңыз. Бұранда әмбебап бит ұстағышының (10) магниттік күші арқылы ұсталады. Бұранда ұштығын, тереңдік шектегіші (4) дайындамаға орналастырылғанша, бұрап бекітілетін дайындамаға қарай күшпен итеріңіз.

Электр құралын қосыңыз. Бұранданы дайындамаға бұрап кіргізуде қажетті тереңдікке жеткенше кіргізіледі. Беріліс ажыратылып аспап патроны айналмайды. Бұрап кіргізу тереңдігін тексеріп, қажет болса реттеңіз.

Бұрап кіргізу тереңдігі үшін жылдам реттеу ( C суретін қараңыз)

Реттегіш гильзаның (3) көмегімен Y бұрап кіргізу тереңдігін алдын ала таңдауға болады:
Бұрандаларды босату үшін суырмалы тереңдік шектегішін (4), шерту дыбысы естілгенше, тұтқаға (9) қарай жылжытыңыз.

Айналу бағытын ауыстырып-қосқышты (6) сол жақтан жоғары қарай, ал оң жақтан төмен қарай жылжытыңыз.

Электр құралын қосыңыз.

Қайыс ұстағышы

Қайыс ұстағышымен (5) мысалы, электр құралын қайысқа асуға болады. Сонда, екі қолыңыз бос болып, электр құралы жұмыс істеуге дайын болады.