Бұрғылау патронын алмастыру

Тісті тоғыны бар бұрғылау патронын орнату/шығару

Құралдармен SDS-plus құралынсыз жұмыс істеу үшін (мысалы, цилиндрлік сағасы бар бұрғылар) тиісті бұрғылау патронын орнатуыңыз керек (мысалы, тісті тәж немесе жылдам ауыстырылатын бұрғылау патроны, керек-жарақтар).

  • SDS-plus бекіткіш білігін (20) тісті тоғыны бар бұрғылау патронына (19) бұрап орнатыңыз. Тісті тоғыны бар бұрғылау патронын (19) бекіткіш бұрандамен (18) бекітіңіз. Бекіткіш бұранданың сол жақ ирек оймасы бар болуын қадағалаңыз.

  • Бекіткіш біліктің жалғанатын ұшын тазалап, аздап майлаңыз.
  • Тісті тоғыны бар бұрғылау патронын өздігінен құлыптанғанша бекіткіш білікпен құрал бекіткішіне бұрап енгізіңіз.
  • Тісті тоғыны бар бұрғылау патронының бекітілуін тартып тексеріңіз.

  • Бекіткіш төлкені (4) артқа жылжытып, тісті тоғыны бар бұрғылау патронын (19) шығарып алыңыз.