Бұрғылау коронкасын орнату/алмастыру

Bosch бұрғылау коронкаларында түсті кодтау бар:

  • Ылғалды бұрғылау коронкалары: көк
  • Құрғақ бұрғылау коронкалары: ақ боз

  • Бұрғылау коронкаларын орнатудан бұрын тексеріп шығыңыз. Тек ақаусыз бұрғылау коронкаларын орнатыңыз. Зақымдалған және деформацияланған бұрғылау коронкалары қауіпті жағдайларды тудыруы мүмкін.

Орнатудан бұрын бұрғылау коронкаларын тексеріп шығыңыз. Бұрғылау коронкасының бұрандасын аздап майлаңыз немесе тот басудан қорғайтын затты себіңіз.

1 1/4 дюйм UNC бұрғылау коронкасын (8) бұрғылау шпинделіне (7) бұрап қойыңыз.

  • Бұрғылау коронкасының нық бекітілгеніне көз жеткізіңіз. Қате немесе нашар бекітілген бұрғылау коронкалары жұмыс кезінде босап, сізге қауіп төндіруі мүмкін.

  • Бұрғылау коронкасын алмастыру кезінде қорғаныш қолғап киіп жүріңіз. Электр құралы ұзақ уақыт жұмыс істесе, бұрғылау коронкасы қызып кетуі мүмкін.

Бұрғылау коронкасын (8) айыр тәрізді кілтпен (кілт ені 41 мм) босатыңыз. Бұл ретте екінші айыр тәрізді кілтпен (кілт ені 32 мм) бұрғылау шпинделінің (7) артқы ілмегін тіреп тұрыңыз.