Қауіпсіздік нұсқаулары
Барлық қауіпсіздік нұсқаулықтарын және ескертпелерді оқыңыз. Техникалық қауіпсіздік нұсқаулықтарын және ескертпелерді сақтамау тоқтың соғуына, өрт және/немесе ауыр жарақаттануларға алып келуі мүмкін.
Болашақ жұмыстар үшін қауіпсіздік нұсқаулықтары мен ескертпелерді сақтап қойыңыз.
- Осы ыстық ауа үрлегішті балалар және дене, сезім немесе ақыл-ой қабілеттері шектеулі немесе тәжірибесі мен білімі жеткіліксіз адамдар пайдаланбауы тиіс. Осы ыстық ауа үрлегішті 8 жастан асқан балалар және дене, сезім немесе ақыл-ой қабілеттері шектеулі немесе тәжірибесі мен білімі жеткіліксіз адамдар олардың қауіпсіздігі үшін жауапты тұлғаның бақылауында және ыстық ауа үрлегішті қауіпсіз қауіпсіз пайдалану бойынша нұсқау алған және барлық қатысты қауіптерді түсінген жағдайда ғана пайдалана алады. Кері жағдайда қате жолмен пайдалану және жарақат алу қаупі туындайды.
- Пайдалану, тазалау және қызмет көрсету кезінде балаларға мұқият болыңыз. Осылай балалардың ыстық ауа құбырымен ойнамауын қамтамасыз етесіз.
- Ыстық ауа пистолетін ұқыпты қолданыңыз. Ыстық ауа пистолеті қатты қызу шығарады, бұл өрт және жарылу қаупін арттырады.
- Жанатын материалдарға жақын жұмыс істеген кезде өте абай болыңыз. Ыстық ауа ағыны немесе ыстық сопло шаң немесе газдарды жандыруы мүмкін.
- Ыстық ауа пистолетін жарылыс қаупі бар ортада пайдаланбаңыз.
- Ыстық ауа ағынын ұзақ уақыт бір жерге бағыттамаңыз. Жылдам жанғыш газдар, мысалы пластмассаны, бояуды, лактарды немесе ұқсас материалдарды өңдеуде пайда болуы мүмкін.
- Ыстық ауа жасырын жанғыш материалдарға бағытталып, оларды жандыру ықтималдылығын ескеріңіз.
- Ыстық ауа пистолетін пайдаланғаннан кейін қауіпсіз жерге қойып, қаптаудан бұрын сөре үстінде толығымен суытыңыз. Ыстық саптама зиян келтіруі мүмкін.
- Қосулы ыстық ауа пистолетін бақылаусыз қалдырмаңыз.
- Пайдаланылмайтын ыстық ауа пистолетін балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз. Ыстық ауа пистолетімен таныс емес немесе осы нұсқауларды оқымаған адамдарға оны пайдалануға жол бермеңіз. Ыстық ауа пистолеті тәжірібесіз адамдардың қолында қауіпті болады.
- Ыстық ауа пистолетін жаңбырдан немесе ылғалдан алшақ ұстаңыз. Ыстық ауа пистолетінің ішіне су кірсе, ток соғу қаупі артады.
- Ыстық ауа пистолетін тасымалдау, асып қою немесе ашасын розеткадан шығару үшін кабельді мақсатынан тыс пайдаланбаңыз. Кабельді ыстық пен майдан алшақ ұстаңыз. Зақымдалған немесе шиеленіскен кабель ток соғу қаупін арттырады.
- Қорғаныш көзілдірікті әрдайым киіңіз. Қорғаныш көзілдірік жарақаттану қаупін төмендетеді.
- Құрылғыны реттеуден, керек-жарақтарды алмастырудан немесе ыстық ауа пистолетін алып қоюдан бұрын ашаны розеткадан суырып алыңыз. Осы сақтық шарасы ыстық ауа пистолетінің кенет іске қосылуына жол бермейді.
- Әр пайдаланудан бұрын ыстық ауа пистолетін, кабельді және ашаны тексеріңіз. Зақымдар байқалған жағдайда, ыстық ауа пистолетін пайдаланбаңыз. Ыстық ауа пистолетін өз бетінше ашпаңыз, оны тек білікті маманға және түпнұсқа бөлшектермен жөндетіңіз. Зақымдалған ыстық ауа пистолеті, кабель және аша электр тогының соғу қаупін арттырады.
Жұмыс орнын жақсы желдетіңіз. Жұмыс кезінде пайда болатын газдар мен булар денсаулыққа зиянды болуы мүмкін.
- Қорғау қолғабын киіп, ыстық соплоға тимеңіз. Күю қауіпі бар.
- Ыстық ауа ағынын адамдарға немесе хайуандарға бағыттамаңыз.
- Ыстық ауа пистолетін шаш кептіргіш ретінде пайдаланбаңыз. Шығатын ауа шаш кептіргіштен шығатын ауадан өте ыстық.
- Ыстық ауа пистолетіне бөгде заттардың түспеуін қамтамасыз етіңіз.
- Форсунканың дайындамаға дейін қашықтығы өңделетін материалға (метал, пластмасса т.б.) және керекті өңдеу түріне байланысты. Әрдайым алдымен ауа көлемі мен температура бойынша сынақ өткізіңіз.
- Ыстық ауа пистолетін ылғалды ортада пайдаланудан бас тарту мүмкін болмаса, автоматты сақтандырғыш ажыратқышын пайдаланыңыз. Автоматты сақтандырғыш ажыратқышын пайдалану ток соғу қаупін азайтады.
- Ыстық ауа пистолетін зақымдалған кабельмен пайдаланбаңыз. Егер кабель жұмыс істеу кезінде зақымдалса, зақымдалған кабельге тимей, желілік ашаны суырып алыңыз. Зақымдалған кабель ток соғу қаупін арттырады.