Пайдалану нұсқаулары

Кесік ені пайдаланған ара дискісіне байланысты өзгереді.

Аралау дискілерін соқтығысудан және соққыдан қорғаңыз.

Жақсы кесік сапасына қол жеткізу үшін электр құралын біркелкі және жеңіл итеру қозғалысымен кесік бағытымен жүргізіңіз. Тым қатты итеру нәтижесінде алмалы-салмалы аспаптың қызмет ету мерзімі қысқарады және электр құралы зақымдалуы мүмкін.

Аралаудың өнімділігі және сапасы көбінесе аралау дискісінің күйі мен пішініне байланысты. Сондықтан тек өткір және өңделіп жатқан материалға жарайтын аралау дискілерін пайдаланыңыз.

Аралау дискісін дұрыс таңдау ағаштың түріне және сапасына, сосын бойлай немесе көлденеңінен аралауға байланысты.

Көлденеңінен аралау кезінде ұзын серіппелі жоңқа пайда болады.

Емен мен шамшат шаңы денсаулыққа өте зиянды, сондықтан тек шаңсорғышпен жұмыс істеңіз.

Параллельді тіреуіш (11) дайындама жиегі бойымен дәл аралауларды жүзеге асыруға және өлшемі бірдей жолақтарға кесуге мүмкіндік береді.

Параллель тіректің (11) бағыттауыш бағанын тірек тақтасындағы (13) бағыттауыш арқылы өткізіп жылжытыңыз. Параллель тіректі (11) құлақты бұрандамен (6) бекітіңіз.

Үлкен дайындамаларды өңдеу және түзу жиектерді кесу үшін дайындамада қосымша тірек ретінде тақтаны немесе рейканы бекітуге боалды және дискілік тақтаны тірек тақтасымен бірге қосымша тіректің бойымен жүргізуге болады.

GKS 18V-68 GC

Бағыттауыш шина (41) көмегімен тік кесіктерді орындауға болады.

Тұтқыр бағыттауыш шина сырғануының алдын алып, дайындама бетін қорғайды. Бағыттауыш шина қаптамасы электр құралының оңай жылжуына мүмкіндік береді.

Дискілі араны тікелей бағыттауыш шинаға (41) орнатыңыз. Бағыттауыш шинаны (41) арнайы кергіш құрылғылармен, мысалы, қысқаштың көмегімен бағыттауыш шинаның (41) жіңішке жағы ара дискісіне қарап тұратындай етіп дайындамаға бекітіңіз.

Бағыттауыш шина (41) араланатын дайындама шетінен шықпауы тиіс.

Электр құралын қосып және кесу бағытында азғантай қысыммен біркелкі жүргізіңіз.

Жалғағыш бөліктің (43) көмегімен екі бағыттауыш шинаны байланыстыруға болады. Бекіту жалғау бөлшегінде орналасқан төрт винт көмегімен жүзеге асырылады.

(44) ойығы Bosch және Mafell ұсынған бағыттауыш шина жүйелеріне арналған.

(45) ойығы Festool және Makita ұсынған бағыттауыш шина жүйелеріне арналған.