Өлшеу процесі

Қосылғаннан кейін өлшеу құралы ұзындық өлшеу функциясында тұрады.

Өлшеудің негізгі жазықтығы ретінде қосылғаннан кейін, өлшеу құралының артқы жиегі таңдалады. Негізгі жазықтықты өзгертуге болады. қараңыз Негізгі жазықтықты таңдау

  1. Өлшеу құралын өлшеудің қажетті бастапқы нүктесіне (мысалы, қабырғаға) қойыңыз.
  2. Өлшеуді іске қосу үшін  түймесін басыңыз.

Өлшеп болғаннан кейін лазер сәулесі өшеді.Кейінгі өлшеу үшін осы әрекетті қайталаңыз.

Өлшеу мәндерін немесе соңғы нәтижелерді қосуға немесе алуға болады.

Өлшеу мәні әдетте 0,5 с ішінде және ең ұзақ дегенде 4 с кейін көрсетіледі.

Өлшеу ұзақтығы қашықтыққа, жарық жағдайына және мақсатты жазықтықтың қайтарғыштығына байланысты болады. Өлшеп болғаннан кейін лазер сәулесі автоматты түрде өшеді.

Тұрақты лазер сәулесі қосылған кезде және ұзақтықты өлшеу функциясында өлшеу,  түймесін алғаш рет басқаннан кейін бірден басталады.

Қосылған тұрақты лазер сәулесі өлшеу әрекетінен кейін сөнбейді қараңыз Тұрақты лазер сәулесі .

Өлшеу кезінде өлшеу құралын жылжыту мүмкін емес. Сондықтан өлшеу құралын мүмкіндігінше берік тіреу немесе жанасу бетіне қойыңыз.
Қабылдау линзасын (20), лазер сәулесінің шығысын (21) және камераны (22) өлшеу кезінде жабуға болмайды.

Өлшеу диапазонына әсерлері

Өлшеу диапазоны жарық жағдайы мен мақсатты жазықтықтың қайтарғыштығына байланысты.

Орта жарығы тым жарық болса, лазер сәулесі дұрыс көрінуі үшін, кіріктірілген камераны (22), лазер көру көзілдірігін (29) (керек-жарақ) және лазер нысандық тақтасын (28) (керек-жарақ) пайдаланыңыз немесе мақсатты жазықтықты қараңғылаңыз.

Өлшеу нәтижесіне әсер ету

Физикалық әсерге байланысты әртүрлі беттерде өлшеу кезінде қате өлшемдердің пайда болуын есептен шығару мүмкін емес. Оларға мыналар кіреді:

  • мөлдір беттер (мысалы, шыны, су),
  • шағылысатын беттер (мысалы, жылтыратылған металл, шыны),
  • кеуек беттер (мысалы, оқшаулағыш материалдар),
  • құрылымдалған беттер (мысалы, өңделмеген сылақ, табиғи тас).

Қажет болса, осы беттерде лазер нысандық тақтасын (28) (керек-жарақ) пайдаланыңыз.

Оған қоса қиғаш көзделген мақсатты жазықтықтарда да қате өлшемдер пайда болуы мүмкін.

Сондай-ақ әртүрлі температураларға ие ауа қабаттары немесе жанама қабылданған шағылысу өлшеу мәніне әсер ете алады.