Қызмет көрсету және тазалау

Өлшеу құралын тек жеткізілген қорғайтын қабында сақтаңыз немесе тасымалдаңыз.

Өлшеу құралын таза ұстаңыз.

Өлшеу құралын суға немесе басқа сұйықтықтарға батырмаңыз.

Ластануларды суланған, жұмсақ шүберекпен сүртіңіз. Жуғыш заттарды немесе еріткіштерді пайдаланбаңыз.

Әсіресе қабылдағыш линзаны (20), лазер шығару саңылауын (21) және камераны (22) айрықша мұқият тазалаңыз: қабылдағыш линзада, лазер шығару саңылауында және камерада кірдің жоқтығына көз жеткізіңіз. Қабылдағыш линзаны, лазер шығару саңылауын және камераны тек фотоаппарат линзалары үшін жарамды болатын құралдармен тазалаңыз. Қабылдағыш линзадан, лазер шығару саңылауынан немесе камерадан кірді үшкір заттармен кетіруге әрекет жасамаңыз және оларды сүртпеңіз (сызат түсіру қаупі бар).

Жөндеу қажет болғанда, өлшеу құралын қорғаныш қабында (24) жіберіңіз.