Қызмет көрсету және тазалау

Өлшеу құралын тек түпнұсқа орауыш сияқты арнайы қорап ішінде сақтаңыз және тасымалдаңыз. Өлшеу құралындағы сенсордың жанында ешбір жапсырманы жабыстырмаңыз.

Өлшеу құралын әрдайым таза ұстаңыз. Ластанған инфрақызыл датчик (16) өлшеу дәлдігіне әсер ете алады.

Тазалау кезінде өлшеу құралына ешбір сұйықтық тимеуі тиіс.

Үшкір заттармен инфрақызыл датчикті (16) немесе камераны (15) алып тастауға әрекеттенбеңіз. Инфрақызыл датчик пен камераны сүртпеңіз (сызат түсіру қаупі бар).

Өлшеу құралын қайтадан калибрлеу қажет болса, өкілетті Bosch қызмет көрсету орталығына жолығыңыз.

Жөндеу үшін өлшеу құралын түпнұсқа орауышында жіберіңіз.

Кіріктірілген түймелі элементті кәдеге жаратуға тек білікті мамандарға шығаруға рұқсат етіледі.

Өлшеу құралында пайдаланушы күтім көрсете алатын бөліктер жоқ. Корпус қаптамасын ашу арқылы өлшеу құралын бұзуға болады.