Қуатпен жабдықтау

Өлшеу құралы стандартты батареялармен не Bosch литий-иондық аккумулятормен жұмыс істейді.

Батарея адаптерімен (алынбалы) жұмыс істеу (A және B суретін қараңыз)

Батареялар батарея адаптеріне салынады.

Батареяларды енгізу үшін батарея адаптерінің қабын (21) аккумулятор бөліміне (18) кіргізіңіз. Батареяларды суретте көрсетілгендей қаптағы жапқышқа (20) салыңыз. Жапқышты қап үстінен сезілетіндей тірелгенше жылжытыңыз.

Батареяларды шығару үшін жапқыштың (20) босату түймелерін (19) басып, жапқышты тартып шығарыңыз. Батареялардың шығып кетпегеніне көз жеткізіңіз. Ол үшін өлшеу құралын, аккумулятор бөлімін (18) жоғары қаратып, ұстаңыз. Батареяларды шығарывп алыңыз. Іштегі қапты (21) аккумулятор бөлімінен шығару үшін қапты ұстап алыңыз да, бүйірлік қабырғасын азғантай басу арқылы өлшеу құралынан тартып шығарыңыз.

Нұсқау: батареяны шығарып алу үшін бұрауыш сияқты құрал пайдаланбаңыз. Әйтпесе корпус сынуы мүмкін.

Барлық батареяларды бірдей алмастырыңыз. Тек бір өндірушінің және қуаты бірдей батареяларды пайдаланыңыз.

Аккумулятормен пайдалану (C суретін қараңыз)

Нұсқау: Өлшеу құралыңызға арналмаған аккумуляторды пайдалану өлшеу құралының қате жұмыс істеуіне немесе зақымдануына алып келуі мүмкін.

Литий-иондық аккумуляторды пайдалану мерзімін қысқартусыз кез келген уақытта зарядтауға болады. Зарядтау процесін үзу аккумулятордың зақымдалуына әкелмейді.

Зарядталған аккумуляторды (23) енгізу үшін оны, ол сезілетіндей тіреліп, өлшеу құралының тұтқасымен жанасқанша, аккумулятор бөліміне (18) кіргізіңіз.

Аккумуляторды (23) шығару үшін босату түймелерін (19) басып, аккумуляторды аккумулятор бөлімінен (18) тартып шығарыңыз. Бұл ретте күш салмаңыз.