Жұмыс құралын ауыстыру

Бекіту төлкесін (2) артқа жылжытып, алмалы-салмалы аспапты аспап патронына (1) бұрап кіргізіңіз. Бекіту төлкесін (2) қайтадан жіберіп, алмалы-салмалы аспапты бұғаттаңыз

Бекіту төлкесін (2) артқа жылжытып, алмалы-салмалы аспапты патроннан (1) шығарыңыз.

Алмалы-салмалы аспапты алып қойыңыз.

Қондырманы патронға (1) салыңыз. Бекіткіш шеңберді (19) шерту дыбысымен тірелгенше бұраңыз.

GFA 18-E/GFA 18-W (C суретін қараңыз):

Бекіту төлкесін (2) артқа жылжытып, алмалы-салмалы аспапты аспап патронына (1) бұрап кіргізіңіз. Бекіту төлкесін (2) қайтадан жіберіп, алмалы-салмалы аспапты бұғаттаңыз

GFA 18-M/GFA 18-B/GFA 18-WM (D суретін қараңыз):

Бұрғы патронының саптамасын ❶ айналу бағытымен бұрау арқылы алмалы-салмалы аспап енгізілгенше ашыңыз. Алмалы-салмалы аспапты орнатыңыз.

Бұрғы патроны саптамасының төлкесін ❷ айналу бағытымен қолмен күш қолданып бұраңыз. Бұрғы патроны автоматты түрде бекітіледі.

Бұғатталған қондырманы шам. 5 мм электр құралынан ары тартыңыз. Қондырманы керекті күйге бұрап, сосын жіберіңіз.

Алмалы-салмалы аспапты шығарып алыңыз.

Саптаманы бағытымен босатып, оны патроннан (1) тартып шығарыңыз.