Тағайындалу бойынша қолдану

Бұл электр құралы бұрандаларды бұрап бекіту және бұрап босату, сондай-ақ, ағаш, метал және пластмассаны бұрғылауға арналған.

Электр құралын бұрыштық бұрғылау саптамасымен (GFA 18-W), бұрыштық бұрғылау саптамасымен (GFA 18-WM), эксцентриктік саптамамен (GFA 18-E), бұрғы патронының саптамасымен (GFA 18-B) немесе металл бұрғы патронының саптамасымен (GFA 18-M) бірге пайдалануға болады.

Электр құралының деректері мен реттеулерін Bluetooth® Low Energy Module GCY 42 пайдаланылған кезде Bluetooth® радио технологиясы арқылы электр құралы мен ақырғы мобильді құрылғы арасында тасымалдауға болады.