Пайдалануға ендіру

Айналу бағытының ауыстырып-қосқышы (7) көмегімен айналу бағытын өлшеуге болады. Бірақ қосқышты/өшіргішті (6) басқанда бұл мүмкін емес.

Оңға айналу: бұрғылау немесе араластыру үшін айналу бағытын ауыстырып-қосқышты (7) тірелгенше солға қарай басыңыз.

Солға айналу: босату немесе араластыру үшін айналу бағытын ауыстырып-қосқышты (7) тірелгенше оңға қарай басыңыз.

Электр құралды қосу үшін қосқышты/өшіргішті (6) басып тұрыңыз.

Басылған ажыратқышты (6) бекіту үшін бекіту түймесін (5) басыңыз.

Электр құралын өшіру үшін, ажыратқышты (6) жіберіңіз немесе бекіту түймесімен (5) құлыптанған болса, ажыратқышты (6) қысқа уақыт басып жіберіңіз.

Қосқышты/өшіргішті (6) басу күшін өзгерте отырып, қосылған құралдың айналымдар санын біртіндеп реттеуге болады.

Қосқышты/өшіргішті (6) жай басқанда, электр құрал төменірек айналымдар санымен жұмыс істейді. Басу күші күшейгенде айналу саны артады.