Пайдалануға ендіру
- Желі қуатына назар аударыңыз! Ток көзінің қуаты электр құралының зауыттық тақтайшасындағы мәліметтерге сай болуы қажет. 230 В белгісімен белгіленген электр құралдармен 220 В жұмыс істеуге болады.
Айналу бағытының ауыстырып-қосқышы (8) көмегімен айналу бағытын өлшеуге болады. Бірақ қосқышты/өшіргішті (6) басқанда бұл мүмкін емес.
Оң жаққа айналу бағыты: бұрғылау және шуруптарды бұрап бекіту үшін айналу бағытының ауыстырып-қосқышын (8) солға тірелгенше басыңыз.
Сол жаққа айналу бағыты: бұрандалар мен сомындарды босату немесе бұрап алу үшін айналу бағытының ауыстырып-қосқышын (8) оңға тірелгенше басыңыз.