Тағайындалу бойынша қолдану

Электр құралы су пайдаланбай металл, тас, пластик пен композиттік материалдарды кесуге және қылшақпен өңдеуге, металл, пластик пен композиттік материалдарды сыдырып алуға, сондай-ақ тастан жасалған материалдарды алмасты бұрғылау коронкаларымен бұрғылауға арналған. Бұл ретте дұрыс қорғаныш қаптаманың пайдаланылғанына көз жеткізіңіз қараңыз Пайдалану.

Тасты кескенде шаңның жеткілікті сорылуын қамтамасыз етіңіз.

Арнайы тегістеу құралдарымен тіркесімде электр құралды егеуқұм қағазымен тегістеу үшін пайдалануға болады.

Электр құралын тастан жасалған материалдарды алмасты тостаған тәрізді дискілермен ажарлау үшін пайдалануға болмайды.

(GWX 18V-15 C / GWX 18V-15 SC / GWX 18V-15 PSC)

Электр құралының деректері мен реттеулерін, Bluetooth® Low Energy Module GCY 42 (стандартты жеткізілім жиынтығына жатпайды) пайдаланылғанда, Bluetooth® радио технологиясы арқылы электр құралы мен ақырғы мобильді құрылғы арасында тасымалдауға болады.