Тағайындалу бойынша қолдану

Электр құралы қозғалмайтын таянышта ағашты бойлай және көлденеңінен, тік кесік жүрісімен және көлбеумен кесуге арналған. Тиісті ара дискілерімен жеңіл құрылыс заттектері мен пластиктерді аралауға болады.

Қара металдарды өңдеуге болмайды.

Электр құралының деректері мен реттеулерін Bluetooth® Low Energy Module GCY 42 пайдаланылғанда Bluetooth® радио технологиясы арқылы электр құралы мен ақырғы мобильді құрылғы арасында тасымалдауға болады.