Ара дискісін орнату/ауыстыру

Ұсынылатын дискілерге шолуды осы пайдалану нұсқаулығының соңында табуға болады.

  • Тек осы пайдалану нұсқаулығында және электр құралында берілген деректерге сәй және EN 847-1 бойынша тексерілген болып тиісті ретте белгіленген аралау дискілерін пайдаланыңыз.

Максималды кесік тереңдігін реттеңіз, қараңыз Кесік тереңдігін реттеу (C суретін қараңыз).

Құралды алмастыру үшін электр құралын аккумулятор орналасқан жағына қойған жөн.

  • Иінтіректі (3) алға қайырыңыз.
  • Іске қосылудан қорғайтын құлыпты (2) алға жылжытып, араны ара дискісін алмастыру күйіне тірелгенше тірек тақтасына (8) кіргізіңіз.
  • Шпиндельді бұғаттау түймесін (28) басып тұрыңыз.
  • Шпиндельді бұғаттау түймесін (28) ара шпинделі тоқтап тұрған болса ғана басыңыз. Әйтпесе электр құралын зақымдауыңыз мүмкін.
  • Алты қырлы дөңбек кілтпен (9) қысқыш бұранданы (23) ➋ айналу бағытымен бұрап шығарыңыз.
  • Қысқыш фланецті (24) және ара дискісін (25) ара шпинделінен (27) шығарып алыңыз.

Максималды кесік тереңдігін реттеңіз, қараңыз Кесік тереңдігін реттеу (C суретін қараңыз).

Құралды алмастыру үшін электр құралын аккумулятор орналасқан жағына қойған жөн.

  • Иінтіректі (3) алға қайырыңыз.
  • Іске қосылудан қорғайтын құлыпты (2) алға жылжытып, араны ара дискісін алмастыру күйіне тірелгенше тірек тақтасына (8) кіргізіңіз.
  • Ара дискісін (25) және монтаждалатын барлық қыспа бөлшектерді тазалаңыз.
  • Ара дискісін (25) тірек фланеціне (26) орнатыңыз. Тістердің кесу бағыты (ара дискісіндегі көрсеткі бағыты) қорғаныш қаптамадағы (15) бағыт көрсеткісімен бірдей болуы керек.
  • Қысқыш фланецті (24) орнатыңыз және қысқыш бұранданы (23) ➌ айналу бағытымен бұрап бекітіңіз. Тірек фланецінің (26) және қысқыш фланецтің (24) орнату күйі дұрыс болуын қадағалаңыз.
  • Шпиндельді бұғаттау түймесін (28) басып тұрыңыз.
  • Алты қырлы дөңбек кілтпен (9) қысқыш бұранданы (23) ➌ айналу бағытымен бұрап бекітіңіз. Тарту моменті 6–9 Нм құрауы керек, бұл қолмен бұрауға қоса ¼ айналымға сәйкес келеді.
  • Иінтіректі (3) кері қайырыңыз. Бұл ретте ара бастапқы күйіне қайтып оралады.