Ылғал шаңсору

Нұсқау: Ылғалды соруда бас сүзгі (19) сорғыштан алынғанына көз жеткізіңіз.

Ылғал шаңсору алдындаңы жұмыс қадамдары

  • Құлыптарды (8) ашып шаңсорғыштың жоғары бөлігін (7) ашыңыз.
  • Сүзгі ұстағышын (29) тірелгенше бұрау бағытында бұрап сүзгі ұстағышын бас сүзгімен (19) сорғыш жоғарғы бөлігін (7) алыңыз.
  • Керек болса, (18) пластик қабын немесе шаң қабын алып тастаңыз.
  • Ылғалды сүзгіні (20) сүзгі қорабынан (30) қайырып қойыңыз.
  • Шаңсорғыштың жоғары бөлігін (7) орнатып құлыптарды (8) жабыңыз.
  • Резеңке жиегін (22) едендік қондырмаға (24) салыңыз.

Сұйықтықтарды сорып алу

  • Шаңсорғышты қосыңыз (GAS 15: ажыратқышты (4) "Қосулы" күйінде; GAS 15 PS: жұмыс режимдерін ауыстырып-қосқышты (4) "Сору" белгісінде).

Шаңсорғыш қалтқымен жабдықталған. Максималды толтыру биіктігіне жеткен кезде, сору тоқтатылады.

  • Ажыратқышты (4) "Өшірулі" күйіне (GAS 15) немесе жұмыс режимдерін ауыстырып-қосқышты (4) "Өшіру" белгісіне (GAS 15 PS) орнатыңыз.
  • Контейнерді (1) босатыңыз.

Ылғалды шаң сорғаннан кейін зең басудың алдын алу үшін:

  • Сорғыштың жоғарғы бөлігін (7) алып тастаңыз және жақсылап кептіріңіз.
  • Ылғалды сүзгіні (20) шығарып алыңыз және қажетінше жақсылап кептіріңіз.