Ақаулықтарды жою

Мәселе

Шешімі

Сору турбинасы жұмыс істемей тұр.

  • Желілік кабельді, ашаны, сақтандырғышты және розетканы тексеріңіз.

GAS 15 PS:
Жұмыс режимдерін ауыстырып-қосқыш (4) "Іске қосу/тоқтату автоматикасы" күйінде.

  • Жұмыс режимдерін ауыстырып-қосқышты (4) "Сору" белгісіне орнатыңыз немесе розеткаға (3) жалғанған электр құралын іске қосыңыз.

Сору турбинасы контейнер босатылғаннан кейін де жұмыс істемей тұр.

  • Шаңсорғышты өшіріп, 5 секунд күтіңіз, содан кейін оны қайта қосыңыз.

Сору қуаты төмендеді.

  • Контейнерді (1) босатыңыз.
  • Сору саптамасын, сору құбырын (25), сорғыш шлангіні (16) немесе сүзгіні (19) жиналып қалған кірден тазартыңыз.
  • Пластик қапты (18) немесе шаң жинағыш қапты алмастырыңыз.
  • Сүзгі ұстағышын (29) дұрыс бекітіңіз.
  • Шаңсорғыштың жоғарғы бөлігін (7) дұрыс орнатып, құлыптарын (8) жабыңыз.
  • Басты сүзгіні (19) алмастырыңыз.

Шаң сору кезінде шаң шығып жатыр

  • Басты сүзгінің (19) дұрыс орнатылғанын тексеріңіз.
  • Басты сүзгіні (19) алмастырыңыз.

Өшіру автоматикасы (ылғалды сору) жұмыс істемей тұр.

Сұйықтықтар ток өткізбейтін болса немесе көбік пайда болса, өшіру автоматикасы жұмыс істемейді.

  • Толтыру деңгейін жүйелі түрде бақылаңыз.

Сүзгіні тазалау функциясы жұмыс істемейді.

  • SFC қосқышын (6) басыңыз.