Белгілер

Төмендегі белгілер шаңсорғышты пайдаланған кезде маңызды болуы мүмкін. Белгілер мен олардың мағынасын жаттап алыңыз. Белгілерді дұрыс түсіну пайдаланушыға шаңсорғышты дұрыс әрі сенімді пайдалануға көмектеседі.

Белгілер мен олардың мағынасы

ЕСКЕРТУ! Барлық қауіпсіздік техникасының нұсқауларын және ескертпелерді оқып шығыңыз. Қауіпсіздік техникасының нұсқауларын және ескертпелерді сақтамау ток соғуға, өртке және/немесе ауыр жарақаттануға әкелуі мүмкін.

Шаңсорғышты, мысалы, тасымалдау үшін кран ілгішіне ілмеңіз. Шаңсорғышты кранмен көтеруге болмайды. Жарақаттану және зақым келтіру қаупі бар.

Шаңсорғыш үстіне отырмаңыз, баспаңыз немесе тұрмаңыз. Кері жағдайда шаңсорғыш құлауы немесе зақымдалуы мүмкін. Жарақат алу қаупі бар.

GAS 15

Өшіру

Сору
Жиналған шаңды сору

GAS 15 PS

Іске қосу/тоқтату автоматикасы
Жұмыс істеп тұрған электр құралдарынан шыққан шаңды сору
Шаңсорғыш автоматты түрде қосылып, шамалы уақыттан соң қайта өшеді

Өшіру

Сору
Жиналған шаңды сору

Жалғанған электр құралының рұқсат етілген қосылым қуаты туралы деректер (елге байланысты)