Қосалқы тұтқа (A суретін қараңыз)

Қауіпсіз және шаршатпайтын жұмыс қалпына қол жеткізу үшін қосалқы тұтқаны (10) 12 күйге реттеуге болады.

Қосалқы тұтқаның (10) төменгі бөлігін ➊ бұрау бағытында бұрап, қосалқы тұтқаны (10) қажетті күйге қайыруға болатындай етіп алға жылжытыңыз. Содан кейін қосалқы тұтқаны (10) қайта кері тартып, төменгі бөлігін ➋ бағытында қайта бұрап бекітіңіз.

Бұрғылау тереңдігін реттеу

Тереңдік шектегішімен (7) қажетті бұрғылау тереңдігін X реттеуге болады.

Тереңдік шектегішін реттегіш қатпралы бұранданы (9) босатып, тереңдік шектегішін қосымша тұтқаға (10) енгізіңіз.

Тереңдік шектегішін (7), бұрғы ұштығы мен тереңдік шектегіші (7) ұшының арасындағы қашықтық қажетті X бұрғылау тереңдігіне сәйкес келетіндей, тартыңыз.

Тереңдік шектегішін реттегіш қатпарлы бұранданы (9) қайтадан бұрап бекітіңіз.