Дәлдік тексерісі

Еңісті өлшеу дәлдігін және қашықтықты өлшеу функциясын жүйелі түрде тексеріп тұрыңыз.

Дәлдікті тексеру және еңісті өлшеу функциясын калибрлеу

  1. Ол үшін өлшеу құралын үстелге қойып, еңісті өлшеңіз.
  2. Өлшеу құралын 180° шамасына бұрап, еңісті қайтадан өлшеңіз.
  1. Көрсетілген санның айырмашылығы ең көбі 0,3° құрауы тиіс.

Үлкен ауытқулар пайда болған жағдайда, өлшеу құралын қайтадан калибрлеу қажет.

  1. Негізгі реттеулер мәзірін ашу үшін түймесін басыңыз.
  2. таңдап, таңдауды  түймесі арқылы растаңыз.
  3. Дисплейдегі нұсқауларды орындаңыз.
Температураның шұғыл өзгеруінен және соққы жасалғаннан кейін, дәлдікті тексеруге және, қажет болса, өлшеу құралын калибрлеуге кеңес беріледі. Температураның өзгеруінен кейін, калибрлемес бұрын өлшеу құралынның температурасын біраз уақыт ретке келтіру керек.

Қашықтықты өлшеудің дәлдігін тексеру

Дәлдікті тексеру үшін өлшеу жұмысын қолайлы жағдайларда өткізу керек, яғни өлшеу қашықтығы бөлме ішінде орналасып, өлшеудің мақсатты жазықтығы тегіс болуы және жақсы шағылысуы керек (мысалы, ақ түспен сызылған қабырға).

  1. Ұзындығын өзіңіз дәл білетін, шамамен 310 м өлшеу қашықтығын таңдаңыз (мысалы, бөлме ені, есік саңылауы).
  2. Қашықтықты 10 рет өлшеңіз.
  1. Бөлек өлшемдердің ауытқуы қолайлы жағдайлардағы толық өлшеу қашықтығында дәл анықталған өлшемнен ең көбі ±2 мм болуы керек. Дәлдікті кейінірек туралау мүмкін болуы үшін, өлшеу мәндерін жазып алыңыз.