Литий-иондық аккумулятор блогын (керек-жарақ) зарядтау

Литий-иондық батареялар халықаралық тасымалдау режерелеріне сәйкес ішінара зарядталған күйде жеткізіледі. Аккумулятор өнімділігін қамтамасыз ету үшін оны ең бірінші рет пайдаланбай тұрып толық зарядтаңыз.

USB кабелін (21) жалғауға арналған USB ұясы және зарядтауды бақылау шамдары литий-иондық аккумулятор блогындағы (19) (керек-жарақ) USB ұясы қақпағының (22) астында орналасқан.

  1. (22) USB ұясының қақпағын ашыңыз.
  2. (21) USB кабелін жалғаңыз.
  3. Зарядтау барысында дисплейдегі батарея индикаторы литий-иондық аккумулятор блогының (19) (керек-жарақ) шынайы заряд деңгейінен өзгешеленуі мүмкін.
  4. Зарядтау барысында зарядтауды бақылау шамы сары түспен жанып тұрады.
  5. Литий-иондық аккумулятор блогы (19) (керек-жарақ) толықтай зарядталған кезде, зарядтауды бақылау шамы жасыл түспен жанып тұрады.
  6. Қызыл түсті зарядтауды бақылау шамы зарядтау кернеуі немесе зарядтау тогы жарамсыз екендігін білдіреді.