Қауіпсіздік нұсқаулары

Барлық нұсқауларды оқып шығып, орындау керек. Айналмалы платформа мен қашықтан басқару құралы берілген нұсқауларға сәйкес пайдаланылмаса, бұл кіріктірілген қауіпсіздік шараларына жағымсыз әсер етуі мүмкін. ОСЫ НҰСҚАУЛАРДЫ ҚАУІПСІЗ ТҮРДЕ САҚТАҢЫЗ.

Магниттік керек-жарақтарды имплантаттардың және кардиостимулятор немесе инсулин сорғысы сияқты басқа да медициналық құрылғылардың жанына қоймаңыз. Керек-жарақтардың магниттері имплантаттардың немесе медициналық құрылғылардың жұмысына әсер ететін өріс тудырады.