Стационарлық немесе икемді монтаждау

  • Электр құралын жарамды бұрандалы қосылыммен жұмыс аймағына бекітіңіз. Бұл ретте саңылаулар (3) пайдаланылады.

немесе

  • Электр құралының аяқтарын стандартты бұрандалы қысқыштармен жұмыс аймағына бекітіңіз.

Bosch ұсынған GTA жұмыс үстелдері электр құралдарын биіктігі реттелетін аяқтары арқылы кез келген бетте бекітеді. Жұмыс үстеліндегі дайындама тіреуіштері ұзын дайындамаларды тіреуге арналған.

  • Жұмыс үстеліне қатысты барлық ескертулер мен нұсқауларды оқып шығыңыз. Ескерулер мен нұсқауларды орындамаудан ток соғуы, өрт пайда болуы және/немесе ауыр жарақат алу қаупі туындауы мүмкін.
  • Электр құралын орнатпас бұрын жұмыс үстелін дұрыстап құрастырыңыз. Бұзылу қаупін болдырмау үшін мінсіз құрастыру маңызды болып табылады.
  • Электр құралын тасымалдау күйінде жұмыс үстеліне монтаждаңыз.

Ерекше жағдайларда электр құралын тегіс тұрақты жұмыс аймағында орнату мүмкін болмаса, көмекші ретінде құлаудан қорғанысты орнату керек. Қорғаныс ретінде аударылудан қорғаныш қапсырма (6) қолданылады.

  • Құлаудан сақтау дөңесін ешқышын алып қоймаңыз. Құлаудан сақталмаған электр құралы тұрақты тұрмай, максималды қисайту бұрышындағы аралау кезінде құлауы мүмкін.