Пайдалануға ендіру

Айналу бағытын ауыстырып-қосқышты (8) ортаңғы күйге орнатып, электр құралын кездейсоқ қосылуынан қорғаңыз.

Зарядталған аккумуляторды (4) алдыңғы жақтан электр құралының тірегіне аккумулятор берік бұғатталғанша кіргізіңіз.

Айналу бағытының ауыстырып-қосқышы (8) көмегімен айналу бағытын өлшеуге болады. Бірақ қосқышты/өшіргішті (9) басқанда бұл мүмкін емес.

Оң жаққа айналу бағыты: бұрандаларды бұрап кіргізу және сомындарды тарту үшін айналу бағытының ауыстырып-қосқышын (8) солға тірелгенше басыңыз.

Сол жаққа айналу бағыты: бұрандалар мен сомындарды босату немесе бұрап алу үшін айналу бағытының ауыстырып-қосқышын (8) оңға тірелгенше басыңыз.

Қосқышты/өшіргішті (9) басу күшін өзгерте отырып, қосылған құралдың айналымдар санын біртіндеп реттеуге болады.

Қосқышты/өшіргішті (9) жай басқанда, электр құрал төменірек айналымдар санымен жұмыс істейді. Басу күші күшейгенде айналу саны артады.

Электр құралды қосу үшін қосқышты/өшіргішті (9) басып тұрыңыз.

Шырақ (10) косқыш/өшіргішті (9) жай немесе толық басылғанда жеткіліксіз болған жарық жағдайында жұмыс аймағын жарықтандырады.

Электр құралды өшіру үшін қосқышты/өшіргішті (9) жіберіңіз.