Пайдалану бойынша нұсқаулар

Тереңдік шектегішімен (21) қажетті бұрғылау тереңдігін X реттеуге болады.

  • Тереңдікті шектеу тірегін орнату түймесін (19) басып, тереңдікті шектеу тірегін қосымша тұтқаға (20) орнатыңыз.
    Тереңдік шектегішінің (21) бұдыр жағы төмен қарап тұруы қажет.
  • SDS-plus-алмалы-салмалы аспабын SDS-plus аспапының ұстағышына (3) тірелгенше жылжытыңыз. Кері жағдайда SDS-plus-аспабының жылжымалылығы бұрғылау тереңдігіне қате орнатылуы мүмкін.
  • Тереңдік шектегішін бұрғы ұшымен тереңдік шектегіші ұшының аралығы қажетті бұрғылау тереңдігіне X тең болғанша тартыңыз.

  • Алмалы-салмалы аспап қысылса немесе ілінсе бұрғылау шпинделіне беріліс тоқтатылады. Осында пайда болатын күш себебінен электр құралын екі қолмен қатты ұстап бекем қалыпта тұрыңыз.
  • Егер электр құралы тіреліп қалса, электр құралын өшіріп алмалы-салмалы аспапты босатыңыз. Бұғатталған бұрғылайтын аспапты қосу кезінде жоғары реактивті күш пайда болады.

Жылдам өшіру (KickBack Control) электр құралын жақсырақ бақылауға көмектеседі және осылайша KickBack Control құралынсыз электр құралдарымен салыстырғанда пайдаланушы қорғанысын да күшейтеді. Электр құралы бұрғы осі бойынша кездейсоқ және күтілмеген ретте айналса, электр құралы өшеді, жылдам өшіру индикаторы  қызыл түспен жанады және жұмыс шамы (18) жыпылықтайды. Жылдам өшіру функциясы қосылып тұрғанда, күй индикаторы (29) қызыл түспен жыпылықтайды.

  • Қайта іске қосу үшін ажыратқышты (12) жіберіп, қайта басыңыз.

Кіріктірілген дірілді басу функциясы дірілді азайтады.

  • Демпфер зақымдалған жағдайда электр құралын пайдаланушы болмаңыз.

  • Электр құралын сомын/бұрандаға тек өшірілген күйде салыңыз. Айналып жатқан жұмыс құралдары сырғып кетуі мүмкін.

Бұранда ұштықтарын пайдалану үшін әмбебап ұстағыш (38)аспап патронымен (керек-жабдықтар) керек болады.

  • Тұтқаның салынатын ұшын тазалап, аздап майлаңыз.
  • Айналмалы әмбебап ұстағышты құралды бекіту орнына автоматты түрде бекітілгенше салыңыз.
  • Әмбебап ұстағышты тартып, бекітілуді тексеріңіз.
  • Ұстағышқа шуруптарды бұрап бекіту сақасын (битасын) салыңыз. Тек шуруп басына жарайтын қондырма сақаларды пайдаланыңыз.
  • Әмбебап ұстағышты алу үшін бекіту төлкесін (5) артқа жылжытыңыз және әмбебап ұстағышты (38) құрал ұстағыштан алыңыз.

Ілгек (13) электр құралын арнайы ілгіш аспапқа бекітуге мүмкіндік береді.

  • Бекіткішті босату үшін ілгекті (13) тұтқа бағытында (11) сәл басыңыз. Ілгек өздігінен артқа жылжиды.
  • Ілгекті бір жағына қарай бұраңыз.
  • Ілгекте (13) зақымдалған немесе деформацияланған жерлердің бар-жоғын тексеріп шығыңыз.
    Зақымдалған, деформацияланған немесе электр құралына бұдан былай берік бекітілмейтін Ілгекті (13) пайдаланбаңыз.
  • Электр құралын ілгектің (13) көмегімен тұрақты ілгіш аспапқа іліңіз.
    Зақым келтіруге немесе жарақат алуға жол бермеу үшін ілгіш аспапты жаяужолдың немесе тікелей жұмыс аймақтарының үстіне орнатуға тыйым салынады.
    Ілгек тек электр құралы мен орнатылған керек-жарақты ілуге арналған.
  • Ілгекті (13) артқа бұраңыз және электр құралмен жұмыс істеу кезінде сәл басу арқылы бекітілу күйіне алға және төмен итеріңіз.
  • Еш жағдайда ілгекті (13) құлаудан сақтандыру құралы ретінде пайдаланбаңыз.
    Еш жағдайда құлаудан сақтандыру құралын ілгекке бекітпеңіз.

Нұсқау: электр құралын құлаудан бекіту үшін жүйенің салмағына жарамды құлаудан сақтандыру құралын (40) пайдалану қажет. Құлаудан сақтандыру құралының максималды рұқсат етілген ұзындығы 1,8 м құрайды. Міндетті түрде электр құралындағы рұқсат етілген бекіту диапазонын (39) ескеріңіз.

Құлаудан сақтандыру құралы ретінде теңіз түйінімен бекітілген құтқару ілмегін немесе құлау амортизаторы бар құлаудан сақтандыру құралын пайдаланыңыз.

Құлаудан сақтандыру құралын (40) бекіткен кезде міндетті түрде оның пайдалану бойынша нұсқаулығына назар аударыңыз.

  • Құлаудан сақтандыру құралының қарама-қарсы жағын міндетті түрде тұрақты құрылымға (мысалы, ғимарат немесе тұғыр) бекітіңіз және еш жағдайда пайдаланушының өзіне бекітпеңіз.
    Құлаудан сақтандыру құралы еркін қозғалуы тиіс және оны тек берік анкерлік нүктеге (41) және электр құралындағы рұқсат етілген бекіту диапазонында (39) бекітуге болады.
    Берік анкерлік нүктені (41) электр құралы құлаған жағдайда құлаудан сақтандырғышқа еркін түсе алайтындай және пайдаланушыны орамайтындай және оған қауіп төндірмейтіндей таңдаңыз.
    Еш жағдайда ілгекті (13) құлаудан сақтандыру құралы ретінде пайдаланбаңыз.
    Еш жағдайда құлаудан сақтандыру құралын ілгекке бекітпеңіз.
    Ешқандай жағдайда құлаудан сақтандыру құралын GDE 18V-16 D немесе GDE 16 Plus шаңсорғышы монтаждалған электр құралында пайдаланбаңыз.