Бұрғылау патронын ауыстыру

Бұрғылау патронын бөлшектеу (E суретін қараңыз)

Жылдам қысқыш бұрғылау патронын (1) бөлшектеу үшін алты қырлы дөңбек кілтті (17) жылдам қысқыш бұрғылау патронына (1) салып, айыр тәрізді кілтті (18) (SW 14 мм) жетек шпинделінің кілт бетіне қойыңыз.

Электр құралын тұрақты бетке, мысалы, верстакқа қойыңыз. Айыр тәрізді кілтті (18) нық ұстап тұрып, жылдам қысқыш бұрғылау патронын (1) алты қырлы дөңбек кілтті (17) ➊ айналу бағытымен бұрау арқылы босатыңыз. Берік орнатылған жылдам қысқыш бұрғылау патроны азғантай соққымен алты қырлы дөңбек кілттің (17) ұзын білігінде босатылады. Алты қырлы дөңбек кілтті жылдам қысқыш бұрғылау патронынан шығарып, жылдам қысқыш бұрғылау патронын толықтай бұрап шығарыңыз.

Тісті тоғыны бар бұрғылау патронын (14) бөлшектеу әрекеті жылдам қысқыш бұрғылау патроны үшін сипатталған әрекетпен бірдей жолмен орындалады.

Бұрғылау патронын орнату (F суретін қараңыз)

Жылдам қысқыш/тісті тоғыны бар бұрғылау патронын орнату әрекеті кері реттілікпен орындалады.

Бұрғылау патронын шамамен 30 – 35 Нм тарту моментімен бекемдеу қажет.